«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-кеңесшінің» арқасында ауылдықтар бизнес ашуда

2015 жылғы 25 Қараша
- Қызылорда облысы
11304 просмотров

Облыста жалпы сомасы 818,5 млн теңгеге 150 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 94% ауылдық жерден

Жыл басынан бері облыстағы әрбір аудан орталығында ӨКП Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс жасайды. Бүгінде орталық консультанттарының қызметтері үлкен сұранысқа ие. Үстіміздегі жылдың 9 айында ғана КҚО менеджерлері 6346 клиентке 12 500-ден астам консультация берген.

Сонымен қатар, Палата кәсіпкерлерге сервистік қызметтер көрсетеді. Сонымен, үстіміздегі жылы сервистік қызмет көрсету жоспары 983 кәсіпкерлік субъектісін құраған, ал іс жүзінде өтінімдер бойынша қалалық және аудан орталықтары консультанттары 1544 қызмет көрсеткен немесе 139 пайызға.

Бір айта кететіні, халық арасында көп сұралатын бағдарламалардың бірі «Бизнес-кеңесші» болып табылады.

«Жылдық жоспарға сәйкес, «Бизнес-кеңесші» бағдарламасының аясында 800-ден астам кәсіпкерді оқыту көзделген. Бірақ аталмыш бағдарлама халық арасында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан да облыс бойынша бүгінгі күнде 1 458 кәсіпкер оқудан өткен. Олардың арасында көп бөлігі жеке бизнес ашпақшы. Сонымен қатар «Бизнес-өсім» және «Жобалық оқыту» сияқты басқа да бағдарламалар бойынша жылдық жоспар асыра орындалған», - дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер