«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мораторий жариялау бизнестің жауапкершілігін азайтпайды - Азат Перуашев

2014 жылғы 03 Наурыз
3817 просмотров

Азат Перуашев шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге жарияланған мораторий бизнесті жауапкершіліктен босатпайтынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келген "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бизнеске қатысты мәселені қозғады.

"Кәсіпкерлікті тексеруге мораторий осыған дейін әр жылдары екі рет жарияланған болатын. Сол арқылы сөзсіз оң ықпалын тигізді. Бұлы жолғы шешім бойынша Президенттің бизнеске қолдау көрсетіп, оны дамытуға жаңаша күш беруге ұмтылысынан және саяси еркінен туындағаны анық", - деді ол брифингте.

Халық қалаулысының мәлімдеуінше, бұл бастама бақылаудың кейбір нормаларына тежеу болғанымен, бизнесті өз міндеттерін атқаруына қатысты жауапкершіліктерден босатпайды.

«Бюджетке салық төлеу мен тұтынушылардың мүдделерін сақтау тәрізді ғана міндеттерді бұлжытпай орындайды. Дегенмен, мораторийден кейін болса, заңнама нормалары мен талаптарын сақтау бойынша есеп беруге тура келеді. Сондықтан бұл кезеңді Үкімет болсын, бизнес болсын, мейлінше тиімді пайдаланып қалуы керек», - деді А.Перуашев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер