«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірыңғай қазақстандық бренд үшін

2015 жылғы 23 Қараша
9936 просмотров

Астанада «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен тауар өндірушілердің «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты І Форумы өтуде

2015 жылғы 4 желтоқсанда «Көрме» орталығында I Тауар өндірушілер «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» форумының аясында «Тауар өндірушілердің даму жолы» алқа отырысы өтеді.

Үстіміздегі жылдың 27 шілдесінде Қазақстанның Марракеш келісіміне (ДСҰ) қосылу туралы Хаттамаға қол қойғаны белгілі.

ДСҰ-ға кіру кәсіпкерлік орта үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, алайда сонымен бірге бизнес-қоғамдастықты ұйымдастырудың қолданыстағы тетігін, қолдау шараларын, отандық бизнес үшін де, халықаралық әріптестік пен өндірістік кооперацияны дамыту үшін де даму жолдарын жетілдіруді талап етеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП осыған орай жеткізушілер мен тапсырыс берушілер арасындағы әрекеттестікті жөнге салуға, сонымен қатар бизнес пен ұлттық экономиканы дамытуға бағытталған жоспарланған және енгізілген шаралар туралы бизнеске ақпарат беруге бағытталған форумды жыл сайын өткізіп тұру туралы шешім қабылдады.

Форумды өткізу мақсаты отандық тауар мен оны тұтынушылар арасындағы әрекеттестікті, олардың әрекеттестігін күшейту және ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бизнес ұстанымын дайындау мақсатында, жақсарту болып табылады.

Аталмыш іс-шараның негізгі идеясы Ұлт көшбасшысы алға тартқан «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» бірыңғай қазақстандық брендін құру болып табылады.

Өткізілгелі отырған форум аясында тапсырыс берушілер мен отандық тауар өндірушілер арасында 10 млрд теңге сомасына әрекеттестік туралы 20 меморандум мен ұзақ мерзімдік шартқа қол қою, сондай-ақ «2015 жылғы үздік тапсырыс беруші» номинациясында марапаттау рәсімін өткізу жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер