«Бизнес-Мен» қосымшасында пайдалы ақпарат мөлшері артуда
«Атамекен» ҰКП және «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қоры ынтымақтастық туралы шарт жасасты
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтің айтуынша, келісім «Бизнес-Мен» мобильдік қосымшасының көмегімен ҰКП ақпараттық-сараптамалық ресурстарын жұмылдыруға бағытталған.
«Келісіміміздің мәні ҰКП-ның мобильдік қосымша арқылы бірқатар талдамалық, сервистік қызметтер, бизнесті қорғау жөніндегі қызметтер мен бұл ақпараттың дистрибьюциясын ұсыну жөніндегі міндеттерді мойнына алуында болып отыр», - деп атады Рустам Жүрсінов.
«Әрбір бизнесмен ұялы телефон көмегімен «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қорының да, Ұлттық палатаның да ресурстарының күллі әлеуетін пайдалана алсын дейміз. Атап айтқанда, мен кредитті қайдан алуға болады, жеке бизнесті ашу жолдары, сервистік департамент қандай өнімдер ұсынады деген үйреншікті мәселелер жайлы айтып отырмын», - деп түсіндірді ҰКП өкілі.
Кәсіпкерлер ұялы қосымшаның көмегімен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құқықтық қорғау жүйесі туралы ақпаратқа, сыбайлас жемқорлықпен күреске жәрдемдесу тәсілдері мен ұсыныстарына, қоғамдық мониторингке, ШОБ-ты мемлекеттік қолдау шаралары бойынша әдістемелік құралдарға, бизнес-жоспарлар каталогына, бизнесті бейқаржылық қолдау аясында сервистік қызметтер мәселелері бойынша қызықтыратын ақпаратқа қол жеткізе алады.
Мобильдік қосымша туралы біршама егжей-тегжейлі ақпаратты ҰКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан және Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарынан алуға болады.
Бизнес-Мен – бұл кәсіпкерлік қоғамдастық үшін оны қолдау және оның табыспен дамуы үшін транспарентті шарттарды кеңейту мақсатында құрылған бірегей ұялы қосымша. Қосымша Еуразиялық одақ елдері - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде жұмыс жасайды. Ашық әрі тегін. Қосымшаны «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қоры дайындаған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: