«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Теңізшевройл» сенімді жеткізушілерді іздейді

2015 жылғы 23 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
24644 просмотров

Ірі мұнай компаниясы әрекет жасап тұрған өндірістік қуаттарын кеңейтуді жоспарлап отыр

Атап айтқанда, компания Теңіз кен орнында сағалық қысымды басқару жобасы дайыналып, оған сәйкес модульдық құрылыс қағидаттары қолданылып, салынып жатқан нысаннан тыс жерлерде әзірленетін құрама модульдік эстакадалар мен құрама модульдер пайдаланылатын болады.

Сонымен, қысымды көтеру жүйесін, энергия құралдарын, сонымен бірге дайындау телімі, электр энергиясы, қосалқы станция және т.б. нысандарды, өндіру ұңғымалары алаңын, өлшеу құрылғылары мен бұрынғы жүйемен біріктірілген жаңа мұнай жинау жүйесін, тұрақты инфрақұрылым, соның ішінде жолдар, қойма жайлары және т.б. салу жоспарланып отыр.

ҚР ҰКП мемлекеттік сатып алулар және жергілікті мазмұн департаменті түсіндіріп өткендей, аталмыш жоба үлкен маңызға ие және қазір міндеттемелерді мойнына ала алатын әрі тауарлар, жұмыстар, қызметтерді жеткізуді тиісті түрде жүзеге асыра алатын білікті, сенімді және тексерілген жеткізушілерді іздеу жүргізілуде.

«Теңізшевройл» ЖШС осыған орай компаниялардың күшті жақтарын, олардың мүмкіндіктері мен жобаға тартылуға мүдделілігін анықтау үшін, жалпыға ортақ деректер базасын жасақтауда.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрауы бойынша алдын ала сапаны бағалаудан өткізу тетігі жайлы ақпарат, сондай-ақ жеткізушілер туралы ақпаратты толтыру және жіберуге арналған сауалнама ұсынылып отыр. Алдын ала сапаны бағалаудан өту шарттарының бірі сауалнаманың барлық бағандары мен тармақтарын толығымен толтыру болып табылады, өйткені толық толтырмау сауалнаманы қайтаруға негіз болады», - деп хабарлады ӨКП мемлекеттік сатып алулар және жергілікті мазмұн департаменті директорының орынбасары Роман Цой.

Оның үстіне әрбір жобаға сауалнамаларды жеке толтырып, сапа бағалауынан жеке өту қажет, сонымен қатар ұйымда акционерлер, қатысушылар құрамына, орналасқан жеріне, қызмет бағытына және т.б. қатысты өзгертулер орын алған жағдайда, деректерді жаңартып отыру керек.

Сонымен бірге ҰКП өкілі атап өткендей, жеткізушілерге біржақты қатынас болуына жол бермеу мақсатында, сонымен қатар жеткізушілердің жекелеген санаттарына артықшылық беру үшін, сауалнама Қазақстаннан тыс жерде қаралатын болады.

Барлық ақпаратпен «Теңізшевройл» ЖШС http://www.tengizchevroil.com/ru ресми интернет-сайтында танысуға болады.

Әлеуетті жеткізушілерді алдын-ала бағалаудан өткізу шарттары туралы барлық ақпаратты төменнен таба аласыз.

БКЖ-СҚБЖ Жеткізушілерге баға беру процесіне шолу 

Орыс тіліндегі сауалнама.

Қазақ тіліндегі сауалнама

Жеткізушілерге арналған бағыттар

Автоматтандыру

Анализаторлық жүйелер

Қауіпсіз қарау

Желдеткіштер

Генераторлар

Жердегі нысандар үшін

Өлшем бірліктері

Артық қысым

Әзірлеу

Оқшаулау

Клапандар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер