«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» сан қумайды

2015 жылғы 23 Қараша
8574 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Индустриялық жобалар картасын нақтылауға көмектеседі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік өкілдіктері индустриялық жобалар картасын түзетуге белсене қатысады.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов үкімет отырысы барысында осылай деп хабарлады.

18 қарашада Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының Инвестициялар және даму министрлігіне индустрияландырудың екінші бесжылдығы барысында іске қосылуы көзделген индустриялық жобалар санын қысқартуды және кепілдендірілген экономикалық әсерді қамтамасыз етуге қабілетті келешегі бар жобаларға назар бұруды тапсырғанын еске саламыз. 

Үкіметтің бүгінгі отырысында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев баяндағандай, 2015 жылы, әкімдіктер берген ақпарат бойынша, 120 жоба енгізілмекші. Оның ішінде үшеуі республикалық – Ақтөбе ағаш-арқалық зауыты, Большаков тау-кен байыту комбинаты (ТБК), жерді қашықтықтан зондпен тексеру жүйесін құру. «Аталмыш жобалар жұмыс жасайды және экономика дамуына айтарлықтай үлес қосады», - деп сендірді министр.

117 жоба – өңірлік. Осыған орай Әсет Исекешев «облыстар әкімдіктерін жобалардың жүзеге асырылуын жеке бақылауға алуға шақырды». «Бір ай қалды және барлық туындайтын мәселелерді жедел тәртіпте шешу қажет», - деп атады ол.

Ведомство басшысы ағымдағы жағдайды Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке баяндай отырып, индустриялық жобалардың өңірлік карталарын түзету процесіне «Атамекен» ҰКП қосып отырған елеулі үлесті атап өтті. «Министрлік Үкімет деңгейінде институционалдық жағдай жасап отырғаны рас, ал жобалар өңірлерде жұмыс жасайды. «Атамекен» де, әкімдіктер де мұның қандай жобалар екенін және олардың қалай жұмыс жасап жатқанын өз көздерімен көріп отыр. Бұл жерде өңірлердегі негізгі жұмыс күшейтіледі деп күтіп отырмыз», - деді Әсет Исекешев.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов өз кезегінде Ұлттық палатаның «сан қумайтынын» баса көрсетті.

«Әкімдіктердегі жобалар қоржынын қарап шығып, 600-ден астам жобадан 350-ге жуығын қысқарттық. Қазір 180 жоба бәсекеге қабілеттілік белгілері бойынша қарауда жатыр», - деп хабарлады Басқарма басшысы. Ол сонымен бірге жобалардың бірнеше критерий бойынша іріктелгенін атады.

«Бизнес иелерімен кездестік, менеджментінің сапасымен, бизнес стратегиясымен таныстық. Карта бойынша 10 000 субъект анықталды, 1 желтоқсанда әкімдікпен талқылауды аяқтап, желтоқсан айында Өңірлік даму картасының жобасы Үкіметке таныстырылады», - деді Абылай  Мырзахметов.

Бұрыннан бар жобалар жайлы айтар болсақ, ҰКП басқарма басшысы берген деректер бойынша, қазір мұндай 330 өтпелі және жаңа жоба бар. «Біз әкімдіктермен өңірлік комиссияларда отырыс өткізіп отырамыз, мониторинг жүргізіледі. Желтоқсан айында жобалар да Үкіметке таныстырылады», - деп жалғады сөзін ол.

Үкімет отырысында экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау шарттарының өзгергені туралы көп айтылды. «Біз нүктелік қолдаудан институционалдық шарттарға шегінетін боламыз. Кәсіпорындар да өзіне ғана сенуге тиіс», - деп баса көрсетті Әсет Исекешев. Ал Инвестициялар және даму министрлігі «экспортқа шығуда, мұндай кәсіпорындар үшін адами капиталды даярлауға және бизнес-климатты жақсартуға» көмектесуге уәде береді.

Кәрім Мәсімов тақырыпты қорытындылай келе Жобалар картасын түзету кезінде кәсіпорындар ашу үшін кімнің капиталын пайдалану жоспарланып отырғанын бөліп қоюдың маңыздылығын баса көрсетті. «Егер кәсіпкер кәсіпорынды өз ақшасына салып жатса, онда қандай да бір шешімдерді өзбетінше қабылдауға құқылы», - деп атады Премьер-Министр. Ол сонымен бірге кәсіпкер коммерциялық банктен кредит алу кезінде банктің сараптама жүргізуге тиіс екенін айтып өтті, себебі қандай да бір жобаны қаржыландыруда тәуекелге баратын да сол банк.

«Егер мемлекет қаражаты қолданылса, онда сұрау басқаша болуға тиіс. Ал бізде бүгінгі таңда іс жүзінде  жаңа кәсіпорындарды қолдау және дамытудың қандай да бір формасында – тікелей не жанама қаржыландыру болсын, қорландыру арқылы болсын, қалай да мемлекет ақшасымен байланысты. Сондықтанда бұл жерде, Әсет Өрентайұлы (Исекешев – инвестициялар және даму министрі - ред.), өзін өзі шеттетуге болмайды, бұл жердегі «Атамекенмен» бірге рольдеріңіз болуға тиіс», - деп атады Премьер-министр.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер