«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕАЭО елдерінің жетекші бизнес-қоғамдастықтарының бірінші басшылары Минскіде бас қоспақшы

2015 жылғы 19 Қараша
9569 просмотров

Үстіміздегі жылдың 26 қарашасында Минск қаласында Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік Кеңесінің Бірінші отырысы өтеді.

Іскерлік кеңес туралы Келісімге VIII Астана экономикалық форумының аясында үстіміздегі жылдың 21 мамырында қол қойылғанын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы аталмыш бастаманы интеграцияның кеңейтілген форматы жағдайында Одаққа мүше мемлекеттердің іскер топтары әрекеттестігіне арналған алаң ретінде алға тартқан болатын.

Төралқаның Бірінші отырысына Одаққа мүше бес мемлекеттің аталмыш бірлестіктің құрылтайшылары ролін алған жетекші бизнес-қоғамдастықтарының бірінші басшылары қатысады деп жоспарланып отыр. Олар: Армения Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері (жұмыс берушілер) одағы, Беларусь Республикасы «Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер (жалдаушылар) конфедерациясы» Коммерциялық емес ұйымдар одағы, Қырғыз Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы, Жалпы ресейлік «Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлерінің одағы» қоғамдық ұйымы және «Атамекен» ҚР ҰКП.

Іскерлік кеңес қызметінің негізгі мақсаттары бұл:

- іскер топтар арасында үйлестірілген ұстаным мен сұхбат орнату;

- тікелей байланыстарды жөнге салу, жан-жақты іскерлік ынтымақтастыққа тарту;

- Одақ аясында сауда-экономикалық қатынастарды, өнеркәсіптік және қаржылық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдесу;

- мүше мемлекеттер нарығына өзара қолжетімділіктегі кедергілерді, алулар мен шектеулерді анықтау;

- іскер топтарды мүше мемлекеттер аумағындағы экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға тарту;

- өнеркәсіп, АӨК және қызметтер секторларының кең аясында сауда және инвестициялық мүмкіндіктерді анықтауға жәрдемдесу;

- сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты реттейтін қолданыстағы ішкі заңнамалық және өзге де актілер жайлы ақпарат алмасу.

Күн тәртібінде өнеркәсіптік ынтымақтастық, ЕАЭО Кеден кодексі жобасы және транзит мәселелері, техникалық реттеу, сонымен қатар ДСҰ-да Қазақстан Республикасы міндеттемелеріне сәйкес тауарлардың қозғалысын бақылу және әрекеттестік тетіктері сияқты кәсіпкерлік орта үшін біршама маңызды мәселелер талқыланбақшы.

Іскерлік кеңес туралы Келісімге сәйкес бизнес-қоғамдастықтардың барлық бағыттары бойынша арнайы жұмыс топтары мен комитеттері аясында тараптар сарапшыларының жасақталуы және жұмыс жасауы көзделген.

Отырыс барысында ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасының Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше мемлекеттердің бірінің үшінші мемлекеттерге қатысты нарықты қорғаудың бір жақты шараларын қолдануы жағдайында Одақ аясында тауарлар транзиті мәселесі жөніндегі өтінішіне қол қою жоспарланып отыр.

Жалпы Іскерлік кеңес алаңы кәсіпкерлердің шоғырландырылған ұстанымдары ретінде толғақты түйткілдерін уәкілетті органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссияға жеткізу, сондай-ақ олардың шешімін іздеу жөнінен Одаққа мүше мемлекеттер бизнес-қоғамдастықтары үшін тиімді құралға айналады деп пайымдауға болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер