«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер жасала ма?

2015 жылғы 19 Қараша
12113 просмотров

Парламент салықтық және кедендік түзетулерді қабылдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберді

Салық заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес, бірыңғай жер салығын төлеп жүрген шаруа және фермерлік қожалықтарға ауыл шаруашылық мақсаттағы жер телімдерінің жиынтық ауданының шектік мөлшерлері ұлғайтылмақшы.

Жеке кәсіпкерлер сондай-ақ бұдан былай алымды төлеместен, тіркеле алатын болады.

Салық төлеушілердің жекелеген санаты үшін (ҰОС қатысушылары, I, II, III топтар мүгедектері, мүгедек бала және т.б.) салық салудан босатылатын шектік табыстың 55 еселік айлық есептік көрсеткіштен 75 еселік АЕК-ке көбейтілуі көзделген.

Түзетулерге сәйкес, бұдан былай бақылау-кассалық машинаның бұзылуына қатысты салықтық өтінішті бұрынғыдай 3 емес, 5 күн ішінде беруге болады. Сондай-ақ уәкілетті органның уақытша ақша салу шотына салынған ақшаны 20 емес, 10 күн ішінде қайтып алуға болады, ал ол үшін импорттаушының алкоголь өнімін импорттау кезіндегі есепке алу-бақылау таңбаларын мақсатқа лайық қолданғаны туралы импорттаушы міндеттемесін орындағаны жайлы есеп ұсынса болды және т.б.

2016 жылдан бастап СЭҚ жекелеген телімдері «уәкілетті экономикалық операторлар, уақытша сақтау қоймаларының иелері және басқалары) міндетті тәртіпте электронды шот-фактураларды қолдануға тиіс болады, ал 2017 жылдан бастап бұл ережелер барлық ҚҚС төлеушілерге таралады.

Келесі жылдан бастап, темекі өнімдерінің айналымы, алкоголь өнімін және мұнай өнімдерін импорттау кезінде электронды ілеспе жүкқұжаттарын қолдану қажет болады. 2017 жылдан бастап – тізбесін уәкілетті орган бекітетін тауарлардың ішкі қозғалысы және ҚР аумағына әкелінуі кезінде.

Мемлекет басшысы сонымен қатар Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін кәсіпкерлік мәселелері және ауылшаруашылық кооперативтері мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қол қойды.

Салық кодексіне жасалатын өзгертулер мен толықтырулар жайлы біршама егжей-тегжейлі ақпарат мына жерге орналастырылған.

ҚР Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі заңының жобасы

Ауылшаруашылық кооперативтер мәселелері жөніндегі заң жобасы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер