«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызмет қанша тұрады?

2015 жылғы 17 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
10732 просмотров

Әкімшілік кедергілерді анықтау жөніндегі бірлескен жұмыс

Бүгінде кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметтер алуы кезінде сыбайлас жемқорлыққа тап болып жататын жағдайлары сирек емес. БҚО Кәсіпкерлер палатасы ең көп сұралатын мемлекеттік қызмет түрлеріне қоғамдық мониторинг жүргізуде.

«Талдау көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлердің шағымдары мен ескертулерінің көпшілігі сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, тауарды кедендік тазарту және шығару, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру, жерге орналастыру жобаларын бекіту сияқты қызметтерді көрсетуге қатысты болған. Бизнесмендер мемлекеттік қызмет алудағы қалыптасқан жағдайдың олардың мәселе шешудің заңсыз әдістеріне жүгінуіне мәжбүрлейтінін айтады. Сыбайлас жемқорлыққа көбінесе ісін бастаушы кәсіпкерлер ұшырап жатады», - деді БҚО Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлімінің бастығы Мағрипа Нигишева.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлері үшін дәрістер, семинарлар, тренингтер өткізіп тұрады.

Өңірлік палата бөлімі бастығының айтуынша, аталмыш іс-шаралар сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік ауанын қалыптастыру және қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Ол үшін бірлескен іс-шаралар жоспары құрылған. Онда кәсіпорын басшылары мен олардың қызметкерлерінің сұхбат өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен танысу үшін келу кестесі жасалған. «Сөйтіп, мұндай іс-шаралар «Қазақтелеком» АҚ БҚФ, «Алгоритм» Технопаркі» ЖШС және басқаларымен өткізілді. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін және жемқорлық құқық бұзушылыққа бару мүмкіндігіне сеп болатын әкімшілік кедергілерді анықтау жөніндегі жүйелік бірлескен жұмыс кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені едәуір төмендетеді және өңірлегі бизнес-климатқа оң әсерін тигізеді», - деп атады Мағрипа Нигишева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер