Берілген кеңес пен тындырылған іс
Ауыл тұрғыны Кәсіпкерлерді қолдау орталығы қызметкерлері берген консультация және көмектің арқасында шағын бизнес ашуға тәуекел етті
Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы қолдауының арқасында Ерейментау қаласында жаңа «Диас» сәбилер бақшасы ашылды.
Жыл басында өңірлік палатаның жергілікті филиалына Ерейментау қаласының тұрғыны Рымтай Жахина жүгінген болатын. Ол жеке кәсіпорын ашу мәселесі бойынша консультация алуды қалайды. Өтініш иесі мемлекеттік қолдау құралдары, субсидия түрлері жайлы сұрастырып, қызметтің қандай бағытын таңдау қажеттігі жайлы кеңесті. Бұрынғы педагог ретінде, Рымтай Жахина балабақша ашуды жоспарлап, өткен жолын таңдады. Бір айта кететіні, бүгінде ауданда, соның ішінде Ерейментауда мектепке дейінгі мекемелерге деген қажеттілік зор.
Ісін бастаушы бизнесвумен барлық рұқсат құжаттарын алып, «Бизнес-кеңесші» жобасының аясында оқудан өтті, осыдан кейін баспанасын қайта қалпына келтіру жұмысын қолға алып, үй-жайын балалар бақшасына икемдеді. Жеке қаражатына қажет техника және жиһаз сатып алды. Даярлық жұмысы кезінде жобаны КҚО консультанттары сүйемелдеді.
Жақында, ерейментаулықтардың қуанышына орай, қалаларында 25 орынға есептелген жаңа бөбекжай есігін ашты. Бұл өңірдегі алғашқы балаларға арналған мектепке дейінгі мекеме, сондықтан да жобаға деген қызығушылық аса жоғары. Кәсіпкерлер үшін жаңа қызмет алаңы ашылды. Таяуда Ерейментау ауданының Новомарковка ауылында осыған ұқсас мекеме ашу жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: