«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тиімді сауданың 6 құпиясы

2015 жылғы 12 Қараша
10172 просмотров

Азиялық ритейл және дистрибуция саммиті: бөлшек сауда көшбасшылары берген кеңестер

Қазақстанда тұтынушылық сұраныс төмендеп барады. Айырбас бағамының құбылмалылығы, компаниялардың іскерлік белсенділігінің төмендеуі және осының салдарынан халықтың төлеу қабілетінің төмендеуі отандық сауда секторын тұйыққа тіреп отыр. Соңғы деректер бойынша, ірі жеткізушілердің қоймаларындағы тауар қорларының көлемі 308 млрд. теңгеге жеткен, немесе шамамен 1 млрд. долларға жуық.

Сұраныстың төмендеуін қалай жеңеміз және бұрынғы сауда деңгейін қалай қайтаруға болады? Жаңа ортаға қалай бейімделу керек және қорларды қайдан аламыз? «Атамекен» ҰКП бүгінгі күннің басты мәселелеріне жауап іздеп, осындай көп қырлы процестің барлық қатысушылары: өндірушілер, ритейлерлер, дистрибуторлар, логистикалық және қаржы құрылымдарының негізін қалаушылар, салалық ведомстволар мен қауымдастықтар өкілдерінің басын қосты.   

Азиялық тұтынушылық тауарлар ритейлі және дистрибуциясы бизнес-саммитін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сауда комитетінің төрағасы, “RESMI” компаниялар тобы Бақылау Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәжібаев ашты. Оның айтуынша, Қазақстанның дағдарыстарға бойы үйреніп кеткен, олар циклды түрде жүреді. Алайда бұл жолғысы – ерекше және біршама ауыры, себебі мұхиттың арғы бетінде емес, елдің өзінің ішінде туған еді. Және де жергілікті мазмұнның бұрынғыдан да көлемді үлесімен ішімізде шешілуге тиіс еді.

«Бизнесмендер жасап жүрген үлкен қателіктердің бірі – бұл әлсіз баланс. Бұл тұрақты валютамен төленетін қарыздары бар, міндеттемелер асыра жүктелген компания. Адамдар теңгемен төлеп жатқандықтан, міндеттемелер де сондай болуға тиіс. Бұл жерде банктермен жұмыс, белсенді келіссөздер жүргізу бірінші кезекті роль ойнайды. Табыстылықтың басты формуласы – бұл тұтынушыға барынша қолжетімді болу, онымен байланысты үзбеу. Жуықтағы 2-3 жылда «Value for money» қағидаты жұмыс жасайтын болады. Ал үздік өнімдерді орташа бағамен сатып алуға тек жақсы ұйымдастырылған бөлшек желілер мен дискаунтерлер ғана ұсына алады», - деп бөлісті Қайрат Мәжібаев.

Қайрат Мәжібаев өз сөзін түйіндей келе инвестор ретінде қызықтыратын үш бағытты атады. Олар -интернет – шешімдер (электронды төлемдер, жылдам транзакциялар жүйесі), алдағы жекешелендіру бағдарламасы және күйзелісті иегерлердің жақсы активтері.

«Ideas4retail» Директорлар кеңесінің төрағасы, сонау 90 жылдары бөлшек бизнестің негіз алған бастауында тұрған, ресейлік бөлшек сауда көшбасшысы Евгений Бутманның сөзі бағдарламаны түйіндеді. Тәжірибелі ритейлер берген кеңестерге сүйенсек, бүгінде жеткізушілермен арадағы қатынасты жаппай қайта қарау қажет. Ол дистрибуторларды нарықтан ұсақ делдалдарды интернет-сауда көмегімен біртіндеп ығыстырып бара жатқан көне, құрып бара жатқан санат деп атады. Маржа үшін күресте жаңа идеялар және клиенттерге қызмет көрсету есебінен аман қалуға болады «Қазақстан үшін тағы бір маңызды тұс. Жақында осы елдің бір кәсіпкерімен тілдескен едім. Ол мәміле сомасын доллармен нақтылады. Экономикаларыңыз бен бизнестің өзінің санасы доллардан арылмайынша, күнделікті есеп-айырысуды америкалық валютамен жүргізе беретін болсаңыздар, экономикалық өсім жайлы армандауға ғана болады. Біз, мәселен, ұзақ келіссөздер жолымен РФ Өнеркәсіптік сауда министрлігімен бірге сауда алаңдарының жалдау ақысын долларға таңуға тыйым салынуына қол жеткіздік. ҚР-да да заңнаманың осылайша қайта қаралуы қажет», - деп баса көрсетті Евгений Бутман.

«Немецкий двор» ЖШС және «Беккер и К» компаниялар тобының иесі Махмуд Шадиевтің жетістігінің құпиясы сенімді топ құруында болып отыр. «Кез-келген бизнестің сүйенетін екі негізі болады – бұл сапалы өнім жасау идеясы мен тілегі, және де мақсатқа жетуге көмектесетін адамдар. Дағдарыста да еңбек ақысына кететін шығындарды қысқартуға болмайды, әрбір қызметкерді ұстап қалуға тырысу керек. Бұл жағдайда табыс өсуіне көлемді, нарықтағы қамтуды кеңейту есебінен қол жеткізуге болады. Тіпті ребрендинг жүргізуге де болады», - деп ұсыныс берді танымал бизнесмен.

Барлық табысты ритейлерлер бір пікірге келісті: дағдарыста «тәбетті басу» қажет. Олардың айтуынша, активтерін салмақты түрде қайта бағалап, қымбат тұратын жобалар мен тікелей қайтымы жоқ құндылықтардан (кеңселер, автомобильдер, люкс санатты жиһаздан) қатаң әрі аяусыз түрде арылу қажет. Бір сөзбен айтқанда, қиялға берілмеу керек.

«Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі, Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева Азиялық саммиттің бірінші күніне қысқаша қорытынды жасай отырып, мемлекеттен көмек күтуге аз қалғанын хабарлады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Сауда қызметін реттеу туралы» Заң күшіне енеді. Бұл заңсыз саудамен күресті күшейту және тіркелмеген компанияларды көлеңкеден барынша шығару арқылы жүретін бөлшек бизнестегі нағыз төңкеріс болмақшы. Міне, сонда босаған тауашада орын тепкен адал ритейлерлер мен дистрибуторлардың екінші тынысы ашылары анық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер