«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ғылымға жұмсалатын ақша

2015 жылғы 12 Қараша
9497 просмотров

Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға кететін шығындарға салық жеңілдіктері бар ма?

Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, тіркелген активтерді алуға, оларды орнатуға және күрделі сипаттағы басқа да шығындарға кеткендерден басқа ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға кететін шығындарға жеңілдіктерді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зерттемелер (ҒЗТКЗ) шығындарын шегеруге жатқызу түрінде жасақтауға болады. Салықтық жеңілдіктерді алу үшін фискалдық органға ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырманы және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдау актілерін ұсыну жеткілікті.

Сонымен қатар, ғылыми жұмыстар негізінде өнеркәсіптік өндіріс құрылатын болса, онда шегерімге жатқызылған сомадан салық салынатын табыс 50 пайызға азайтылады (ҚР Салық кодексінің 133 бабы). Сондай-ақ қолда Әділет министрлігі берген қорғау құжаты, сонымен бірге мұндай шығындар (шығыстар) сомасын растау туралы қорытынды болуға тиіс. Бір айта кететіні, аталмыш құжатты жеке қаражатқа сатып алуға тура келеді, себебі мұндай жағдайларға шығындар көзделмеген.

Қазірде ҚР қолданыстағы заңнамасына салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңнамалық актілер жобалары дайындалған. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Жұмыс топтарында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті мен ҚР Үкіметі ұсынып отырған Салық кодексіне жасалатын түзетулер талқылануда. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы мен оған ілеспе «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қабылдау үшін талқылау сатысында жатыр. Аталмыш заң жобаларында ҚР Салық кодексі 108 және 133 баптарының ҒЗТКЗ-ға кететін шығындар кезіндегі салық жеңілдіктерін көздейтін жаңа редакциясы ұсынылып отыр.

Аталмыш заңнамалық ережелердің ҚР ҚМ МТК кіші заң актілерінде, ведомстволық актілерінде жүзеге асырылу тетігі және ҚР ҚМ МТК департаменттерінің аудандар бойынша басқармаларының ҚР Салық кодексінің ҒЗТКЗ-ға шығындарды шегерімдерге жатқызуға қатысты нормаларын қолдану тәжірибесі қосымша зерттеуді қажет етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер