«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Денсаулықты сатып алмайсың

2015 жылғы 10 Қараша
9384 просмотров

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға ат салысуын сұрайды 

Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулықты сақтау бағдарламасын дайындағаны белгілі.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік бағдарлама жобасын қарау нәтижесі бойынша ескертулер және ұсыныстармен сараптау қорытындысын жіберді.

Денсаулық сақтау министрлігінен қайта жолданылған мемлекеттік бағдарлама жобасы ҚР ҰКП жіберген ескертулерді ескерумен түзетілген.

Алайда, ҰКП атап өткендей, қазірде жұмыс тәртібінде мемлекеттік бағдарлама жобасы өзгертілген редакцияда келіп түсті.

ҚР ҰКП халыққа стоматологиялық көмек көрсету, уәкілетті органдармен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингімен бірге МЖӘ пилоттық үлгілік жобасын жасау, 3 жыл мерзімге медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс жасау бойынша қабылдаған ұсыныстары аталмыш редакцияда жоқ, деп мәлімдейді ҰКП.   

Мемлекеттік бағдарлама жобасынан сонымен қатар ғылым, ғылыми зерттеулер, орташа медициналық қызметкерлерді даярлау мәселелері көрініс таппаған, дегенмен аталмыш мәселелер медициналық көмек көрсету және инновация енгізу үшін өзекті болып табылады.

ҰКП сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге арналған бөлімді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның жобасымен үйлестіруді ұсынды.

Осыған орай Ұлттық палата кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарлама жобасының жаңа редакциясымен танысуын және ескертулері мен ұсыныстарын беруін сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер