«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанайда шыққан мерейтойлық Peugeot

2015 жылғы 10 Қараша
- Қостанай облысы
12025 просмотров

Қостанайда мерейтойлық, ірі-тораптық құрастыру әдісімен жасалған жиырма мыңыншы Peugeot 301 шығарылды

«АгромашХолдинг» АҚ және «СарыАрқаАвтопром» ЖШС кәсіпорындары конвейерінен осынша машина шығарылыпты.

«Peugeot 301 Қазақстанда өндірілген ең көп сатылатын автомобильдердің үштігіне кірді. Сонымен қатар Peugeot Partner моделі қазақстандықтар арасында «Мини-фургон» номинациясында «жыл автомобилі» болып танылды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстанда 2013 жылы іске қосылған Peugeot өндірісі AllurGroup зауыттарының жаңа технологияларды енгізуіне, материалдық-техникалық базаны жөнге салуына, арнайы зауыттардың кәсіби даярлығын көтеруге мүмкіндік бергенін атап өту керек. Нәтиже ретінде – қазақстандықтар отанымызда өндірілетін Peugeot автомобильдерін аталмыш марканың еліміздегі ресми дилерлерінен сатып ала алады.

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға жасаған ресми сапарының аясында «Бәйтерек» холдингі AllurGroup және PSA Peugeot Citroën құрамына кіретін «СарыАрқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен автомобиль өнеркәсібін дамыту және автомобиль өнімдерін өркендету әрі өткізу мүмкіндіктері туралы ынтымақтастық туралы шекті келісімге қол қойды. Келісімде холдингтің «СарыАрқаАвтоПром» компаниясы қуаттарында Қазақстандағы толық цикл режимінде PSA Peugeot Citroën автомобильдерін өндіруді қаржыландыру мүмкіндігін қарастыратыны көзделген», - деп атады баспасөз қызметі. 

2013 жылы «СарыарқаАвтоПром» алаңында Қазақстанда алғаш рет ұсақ торапты (CKD) өндіріс желісі іске қосылды. Онда бүгінде SsangYong Nomad және Toyota Fortuner шығарылады. 2014 жылы зауыт Geely және Hyundai автомобильдерін өндіруге кірісті. Мұнда сонымен қатар төтенше жағдайлар қызмететрі, ІІМ, денсаулық сақтау органдары және басқаларына арналған Iveco жеңіл және ауыр коммерциялық техникасы өндіріледі.

«АгромашХолдинг» акционерлік қоғамы SsangYong, Peugeot таңбалы автомобильдер және ауылшаруашылық техникасын, сонымен қатар "ESSIL КЗС-760", "ESSIL КЗС-740" таңбалы астық жинайтын комбайндар мен КСК-600 азық жинайтын комбайнын өндіретін Қазақстандағы жалғыз өнеркәсіптік кәсіпорын болып табылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер