«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алтын сапа: «Қанатты металл» әрқашанда құнды!

2015 жылғы 10 Қараша
- Павлодар облысы
14512 просмотров

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның Павлодар алюминий зауыты Еуразиялық Топ құрамына кіреді және Қазақстандағы жалғыз тауарлық глиноземді өндіруші болып табылады. Өнім Ресей Федерациясының зауыттарына экспортталады, ең бастысы – еліміздегі алюминий өндірісінің флагманы – Қазақстан электролиз зауытына шикізат жеткізеді. Аталмыш екі кәсіпорын бүгінде сапалы отандық өнімді өндіріп, ауқымды өндірістік тапсырмаларды орындап, Павлодар аймағының мыңдаған тұрғынын жұмыспен  қамти отыра, қуатты алюминий кластерін құрап отыр. Павлодар алюминий зауытының жарты ғасырлық тарихы бар, әйтсе де  күн өткен сайын өсіп-өркендеп, дамып келеді. Ал директор Амантай Сабитов бастаған ұжым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдарына қойып отырған барлық  тапсырмаларын жоспарлы түрде жүзеге асыруда. Биыл Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ)  – бәсі биік отандық «Алтын cапа» сыйлығына үміткерлердің тізімінде.

Амантай Рахимжанұлы, «Алтын cапа» республикалық конкурсына қатысуға өтінім беруіңізге не түрткі болды?

Осыдан 50 жыл бұрын, 1964 жылы 5 қарашада Павлодар алюминий зауытында «қанатты металл» алу үшін Ресейге жіберілген глиноземнің алғашқы партиясы өндірілді. Қазіргі таңда оны тәуелсіз Қазақстанның түсті металлургия қарлығашы – Павлодардағы жаңа электролиз зауытында өндіріп алады. Осы екі оқиғаның арасы бүтіндей бір дәуір, десе де, сөз жоқ, біздің кәсіпорын бұл жылдар ішінде Қазақстандағы алюминий саласының нағыз символына айналып үлгерді. Ол - әлемдегі бірізді-параллельді Байер-пісіру тәсілімен алынатын глиноземді өндіруші жалғыз кәсіпорын. Біздің ұжым - бүгінде өз әкелерінің ізін жалғастырушы кәсіби мамандар, білгір металлургтер. Мерейтойлық 10-шы «Алтын сапа» республикалық конкурсына қатысуға өтінім беру арқылы, біз, өз кәсіпорынын көшбасшылар қатарынан көргісі келетін мыңдаған жұмыскердің ізгі ниетін жеткіздік деп ойлаймын. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлығына үміткер болу – біз үшін үлкен абырой. Мемлекет басшысы біздің кәсіпорынның тыныс-тіршілігін жақсы біледі, өйткені еліміздің бас металлургі – ұжымымыздың биік мақсаттар мен жеңісті межелерді бағындыруына қуат берген адам.

Сіздің кәсіпорын өндіріліп жатқан өнімнің сапасын жоғарылату үшін қандай шаралар қолдануда?

«Павлодар алюминий» зауыты жоғары маркалы глиноземді төмен сапалы қазақстандық бокситті өңдеу арқылы жүзеге асырады. Осы күрделі үрдістің артында қаншама еңбек тұрғанын көп адам біле бермейді. Зауыттың ғылыми-зерттеу орталығының мамандары – инженерлері мен жұмысшылары бұл тапсырманы оңды шешу үшін екі жыл тер төгіп, төменгі сұрыпты бокситтен глиназем алудың технологиясын жасап шықты. Осының арқасында және кен басқармаларындағы шикізат көздерін жедел өңдеу арқылы  тығырықтан шығып, қуаттылығымызды арттыра бастадық. Ескере кететіні, мемлекетке миллиардтаған дивиденд әкелген аталмыш әлемдегі теңдесі жоқ технология ҚР Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған болатын, алайда, сол кезде де, кейін де республикада тиісті бағасын алмады, әлемде ешбір зауыт мұндай тастама «кенмен» жұмыс жасамайды. Осылайша бірнеше жылдар бойы біздің кәсіпорында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жасайтын, шығарылатын өнімнің сапасын бақылап, мониторинг жүргізетін ғылыми зерттеу орталығы қызмет етіп келеді. 

Жоғары сапалы глинозем алу үшін шығушы шикізатты айналымға жібермей тұрып, оны мұқият дайындықтан өткізеді. Зауыттың барлық қайта өңдеу орындарында үнемі сапа мониторингі жүргізіледі. Кәсіпорындағы сапаны бақылау үшін заманауи құралдар мен жоғарысапалы сүзгілер қолданылады.  Айта кететіні, Павлодар алюминий зауытына ендірілген және сәтті жұмыс атқарып жатқан бірегей менеджмент жүйесі: ISO 9001 сапа менеджмент жүйесін, ISO 14001 қоршаған орта менеджмент жүйесін, OHSAS 18001 денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджмент жүйесі, ISO 50001 энергоменеджмент жүйесін қоса қамтиды.

Сіз кәсіпорынның беделін және шығарылатын өнімнің танымалдылығын арттыру үшін қандай амалдарды қолданасыз?

Павлодар алюминий зауыты -  Қазақстандағы жалғыз глиноземді өндіруші. Біз Еуразиялық Топтағы алюминий дивизионының және еліміздегі бүкіл алюминий саласының берік негізі болып табыламыз. Біздің бірлескен күшіміздің арқасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары орындалып, келесі өңдеуші сала – электролиз зауыты құрылды және қазақстандық глиноземнен алғашқы «қанатты металл» алынды.

Сондай-ақ «Қазақстан алюминийі» АҚ құрамына кіретін біздің кәсіпорын қоғамға да, бұқаралық ақпарат құралдарына да әрқашанда ашық. Біз өндірістің жоспарларымен, жаңалықтармен бөлісіп, кәсіпорынның даму стратегиясын жариялап отырамыз. Металлургтер, біздің кәсіпорынның мамандары, ғалымдар мен өндірісшілер ТМД және алыс шетел металлургиялық кәсіпорындарының конференцияларына қатысып, баяндамалар жасап келеді. 

Біз қазақстандық құрам үлесін жоспарлы түрде  арттырып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз!  Біз бұл мәселеде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қызу қолдаймыз. Шағын және орта бизнес, жаңа инновациялық кәсіпорындар және ірі компаниялар айналасында дамуы тиіс. Жекелей алғанда, Павлодар алюминий зауыты Павлодар аймағының кәсіпкерлерімен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Бізді сенімді әрі сынақтан өткен әріптес деп біледі.

Өндіріс қуатын арттырумен қатар бүгінгі таңда «Қазақстан алюминийі» АҚ табиғатты қорғау қызметінің деңгейін көтере отырып, «жасыл модернизациялау» жұмысына белсене қосылды. Осылайша  соңғы үш жылда кәсіпорын табиғатты қорғау шараларына 7,9 млр теңге бағыттаған. Он жыл бойы Павлодар алюминий зауыты өндірістің экологиялық қауіпсіздігін көтеру бойынша ауқымды жұмыс атқаруда, бұл біздің кәсіпорынның даңқына нұқсан  келтірмеу ғана емес, аймақ тұрғындары алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінетініміздің айғағы, сондықтан да ауқымды экологиялық жобалар кешенін жүзеге асыруға ерекше назар аударамыз.

«Қазақстан алюминийі» АҚ-да өз ісіне адалдық танытып, жұмысына жаңашылдық, стандарттан тыс өзгеріс әкелуге ынтық, жақсы өндірістік жетістікке қол жеткізуге мұрындық болатын  адамдарға әрқашан зор құрметпен қарайды. 2012 жылы «Қазақстан алюминийі» АҚ-да авторлық сыйақы көлемі 1 415,6 мың теңге болатын 96 рационаторлық, 2013 жылы сыйақы көлемі 2 509,4 мың теңге сомасындағы 93, 2014 жылы сыйақы көлемі 2 483,4 мың теңге сомасындағы 81 ұсыныс  бекітілді. Ал бұл жылы Павлодар алюминий зауытының базасында ұсынылып, авторлық сыйақы көлемі 733 мың теңге болатын 36 өнертапқыштық ұсыныс жасалып, өндіріске енгізілген. Ұсыныстардан түскен экономикалық тиімділік 9 млн теңгеден астам соманы құрады.

Жергілікті Кулибиндер, идеялары әлемдік деңгейде жаңашылдыққа ие болған жасампаздардан бөлек, «Қазақстан алюминийі» АҚ-да өнертапқыштар жетерлік. Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері, технологиялық цех мамандарымен бірлесе отырып дайындаған тың, бірегей технологиялар мен аппараттар Қазақстан Республикасы және Ресейдің қорғау құжаттарымен бекітілген. Бүгінгі таңда біз Қазақстан Республикасының 47 патенті және Ресей Федерациясының 7 патентіне иеміз.

Әлемдегі ірі ERG компаниясының бір бөлігі болып табылатын кәспорын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі принципін ұстанады. Бұдан бөлек зауыт кәсіпорынға маман дайындайтын оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Іс-тәжірибе кезінде өздерін жақсы қырынан танытқан түлектердің басым бөлігі кәсіпорында еңбекпен қамтылған.

Одан бөлек, биыл беделді шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының жеті түлегі алюминшілердің қатарын толықтырды. Компания бөлімшелерінде аз ғана уақыт жұмыс істесе де олар өздерін көрсетіп, ұжыммен жұмыс істеуге белсенділік танытып үлгерді. Олардың ішінде «Назарбаев университетінің» алғашқы түлегі Әйгерім Досанова, «Болашақ» бағдарламасының стипендия иегері  Абылай Саденов, болат және Мәскеу институтының магистранттары Дәурен Дәулетов пен Қайсар Юспаев, Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінен -  Вадим Котов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен Лаура Алиханова, сонымен қатар, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникаалық университетінен Ернар Егінтайды атауға болады. Диплом алғаннан кейін жастар ешбір күмәнсіз Павлодарға қоныс аударып, кәсіпорында жұмыспен қамтылды. Зауытымыздың беделін арттырудағы  тиімді тетіктің бірі -  жастармен және қызметкерлермен жұмыс жасау деп есептеймін.

Сіздердің кәсіпорын басқа да аймақтық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысу тәжірибесіне ие ме?

Павлодар алюминий зауытының жарты ғасырлық тарихы бар, біз көптеген конкурстарға бірнеше мәрте қатысып, ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаға ие болдық.

«Алтын сапа» конкурсынан не күтесіз?

Біз тек жақсылықтан үміт күтеміз, металлургтер үшін жоғары  кәсібилікті таныту және соны дәлелдеу маңызды. Бұндай деңгейдегі конкурстағы жеңіс – біз үшін үлкен стимул, жаңа мақсаттарды орындау, жаңа шыңдарды бағындаруға үлкен серпін болмақ.біз уақыт сынағынан өткен өнімді өндіреміз. Және бәсекеге қабілетті кәсіпорын болуды көздейміз, бұл үшін әрине даму және ілгерлеу қажет.

Сіз әріптестеріңізге, конкурс қатысушыларына не тілейсіз?

Барлық қатысушыларға сәттілік, өркендеу және береке тілеймін. Шынтуайтына келгенде, кімнің жеңетіні маңызды емес, маңыздысы барлығымыз-қатысушылар сапалы нәтиже үшін жұмыс жасаймыз. Мемлекет басшысының  беделді сыйлығын сарапқа салу мүмкіндігіне ие болғанымыздың өзі біздің компаниялардың белгілі жетістікке жеткендігін танытады. Біз сапалы отандық тауарларды өндіреміз, ең бастысы балаларымыздың, еліміздің болашағына өз үлесімізді қосудамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер