«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жылқышылық ермек емес, табыс табу тәсілі

2015 жылғы 09 Қараша
- Ақмола облысы
12328 просмотров

Ісін бастаушы кәсіпкер «Құлан» бағдарламасымен кредит алып, жылқы өсірумен және қымыз өндірумен айналыспақшы

«Жобалық оқыту» аясында алған білімі Ақмола облысы Астрахан ауданы тұрғынының пайдасына жарады. Қазан айында жергілікті Кәсіпкерлікті қолдау орталығының аясында «Жобалық оқыту» оқыту курстары өтіп, оған Колутон ауылының тұрғыны Ысқақ Манарбек қатысқан болатын. «Жобалық оқытудың» ісін бастаушы кәсіпкерлерге бизнестің нақты түрін ашу және дамыту жөніндегі қадам-қадамдық нұсқаулықтарға дейінгі кәсіби білімді беруге бағытталғанын еске саламыз. Оқу бағдарламасына сонымен қатар табысты кәсіпкерлер, салалық мамандар қатысуымен өтетін іс-тәжірибе бөлімі де кіреді. Басым бағыттар – мал шаруашылығы, көкөніс өсіру, мектепке дейінгі білім беру, өсімдік шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және көлік тасымалдаулары.

Ысқақ Манарбек курсты ойдағыдай бітіріп, аяғында сәйкес сертификатқа ие болды да, Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгінді. Орталық консультанттары қысқа мерзім ішінде оған қарыз алу үшін қажет құжаттар жинауына көмектесті. Ісін бастаушы кәсіпкер «Құлан» бағдарламасы бойынша кредит алып, жылқы өсірумен және қымыз өндірумен айналыспақшы. КҚО консультанттары болашақ фермерге сонымен қатар жайылым және шабындық үшін сай келетін жер іздестіруде, қажет құжаттарды ресімдеуге көмектеседі. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Астрахан филиалы директоры Асқат Бейсенбеновтың сөзінше, жоба бақылауда және соңғы нәтижеге жеткізіледі. 

Бүгінде фермердің 25 бас жылқысы бар. Ол қарыз қаражатына тағы 5 бас жылқы мен асыл тұқымды айғыр алуды, сондай-ақ субсидия алуға құжат тапсыруды жоспарлап жүр.

«Жылқы өсіруді табысты болғандықтан таңдадым. Ет пен қымыздың үлкен сұранысқа ие тауар екені құпия емес. ӨКП сарапшыларының қолдауының арқасында жобам қисынды соңына жетті», - дейді Ысқақ Манарбек. Қазірде қарыз қаражаты - 5 миллион теңге – кәсіпкер шотына түсіп те үлгерді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер