«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Асылжан Мамытбеков: «Нан карточкалары деген болмайды!»

2015 жылғы 09 Қараша
9376 просмотров

Ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстанда әлеуметтік нан бағасының ықтимал өзгеру себептерін жеткізді

Қазақстанда әлеуметтік нан бағасын белгілеу ережесінің өзгеруі күтілуде. Әзірше ең арзан болып отырған әрі 600 грамм тартатын нанға қатысты. Қазір нанның бұл сұрпының бағасын әлі де мемлекет реттеп отыр, бірақ баға белгіленуінің нарықтық механизмдеріне көшу салдарынан күрт қымбаттап кетуі де мүмкін.

ҚР ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Мәжілісте өткен үкіметтік сағат барысында оның себептерін айтып берді. 

«Қазақстан Үкіметі жыл сайын 600 грамдық бөлке бағасын төмендету бойынша шараларға 12-15 млрд теңге жұмсап отырған. Нанды байлар үшін де, кедейлер үшін де арзандатып келеміз. Бұл мемлекетке біршама қымбатқа түседі», - деп мойындады министр.

Асылжан Мамытбеков сонымен қатар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің есептеулерін келтірді. Аталмыш есептеулер «егер нанды тек қажет атаулы топтар үшін ғана арзандатар болса, онда мәселенің құны 1,5 млрд теңге құрайтынын» көрсеткен.

«Яғни біз бюжет қаражатын артық жұмсап жүрміз. Неліктен бай адамдар нанды бюджеттік бағаға сатып алуға тиіс?», - деген сауал қойды министр.

АШМ басшысы әлеуметтік нан бағасын ықтимал босату себептерінің арасында сыбайлас жемқорлық факторларын, сондай-ақ «бағаны арзандатудың аса күрделі механизмін» атады.

«Нан жергілікті бюджет деңгейінде арзандатылады, бірақ арзандатылған ұн мен бидай одан кейін мекенжайына анық жете ме? Арзандатылған ұнның базарға шығып кеткені жайлы хабарлар жетіп жататыны да сирек емес. Бюджет есебінен супер маржаны кім алып жатқаны түсініксіз. Бұған неге жол беруіміз керек – ол да түсініксіз. Біреуге көмектесуіміз керек болса – мұны нүктелі түрде істеуіміз керек», - деді Асылжан Мамытбеков.

Ауылшаруашылық министрлігінің басшысы қазірде талқыланып жатқан әлеуметтік нанның нарықтық бағаларына көшу нұсқаларына түсінік бере отырып, Қазнетте сөз болған нан корточкаларының болмайтынын мәлімдеді. «Ауыл шаруашылық министрлігі нан карточкаларын ұсынбайды, ештеңені ойдан шығарудың қажеті жоқ. Халықтың қажет топтары қажет мөлшердегі жәрдемақысын алады. Осы ғана», - деп мәлімдеді АШМ басшысы.

Министр алдағы әлеуметтік нан бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуды «таза экономикалық мәселе» деп атай отырып, жағдайды өршітпеуге үндеді.

Асылжан Мамытбеков сонымен қатар бүгін Қазақстан сияқты бидайымен аты шыққан астық державасында дүкендердегі нан сапасының тұтынушылар көңілінен шықпай отыруының себебін түсіндірді.

«Нанды арзандату және реттеу, мемлекеттің нарыққа үнемі араласып отыруы, байқап отырсаңыздар, барлық қалаларымызда ескі кеңестік нан комбинаттарының жұмыс жасап тұра беруіне алып келді. Жаңа инвестициялар мен технологиялар жоқ, және де біздің әлемдегі үздік бидайымыз онша дәмді емес нанға айналып отыр, өкінішке орай»,- деп баса көрсетті министр.

Әрбір қалада дерлік орналасқан ескірген нан комбинаттары үшін инвестициялардың тапшылығы да жағдайды өршітеді. «Ол жерге инвестициялар бармайды, себебі жөні түзу инвестор мемлекеттің кезі келгенде қолын бұрап, бағаны ұстап тұруға мәжбүрлейтінін біледі», - деп түйіндеді министр.

Ауыл шаруашылық министрлігі басшысы берген сандық мәліметтерді келтіре кетейік. Оның деректерінше, «бізде нанды тұтыну нормалары КСРО заманынан бері қайта қаралмаған, ол бір адамға 120 келі бидай мөлшерінде негізделген».

«Қатаң қуаңшылық орын алып, арзандату Азық-түлік корпорациясы есебінен жүрген 2010-2012 жыл мысалында есептедік. Еліміз нормадағыдай 2,4 млн емес, тұтынушылық мақсатта миллион тонна нанды ғана жейді», - деді Асылжан Мамытбеков. 

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер