«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнай базаларына арналған есептегіш: ақша кімнің қалтасына түседі?

2015 жылғы 09 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
10919 просмотров

Мұнай базаларында бұрыннан бар бақылау аспаптарын айырбастау кәсіпкерлер үшін қымбатқа түседі

2015 жылғы 27 маусымда ҚР Үкіметінің № 484 қаулысымен Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен (ЕБА) жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар бекітілді.

Аталмыш қағидаларға сәйкес, мұнай базаларындағы ЕБА 2016 жылғы қаңтар айынан бастап нақтылық санаты мен өлшеу функцияларына сәйкес келмеуі салдарынан пайдалануға жарамсыз болады, яғни орнатылып қойған есепке алатын бақылау аспаптары айырбасталуға тиіс.

«Аталмыш жабдық Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ғана әзірленеді, және де, сәйкесінше, жабдық үшін төленетін ақы, сондай-ақ салық аударымдары Қазақстаннан тысқары «кететін» болады. Жалпы, республика бойынша бұл бюджет үшін аса көлемді ысырап», - деп атады ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сәйкес жабдықты жеткізу және монтаждау жөніндегі сервис  әлі күнге дейін толық көлемде жөнге салынбаған. Бұл жабдықты жеткізу мерзімінің айлап есептелуімен, жабдықты жеткізу және монтаждау кезегінің 4-6 ай құрауымен және негізсіз көтеріңкі бағада болуымен дәлелденеді. Кәсіпкерлердің мұнай базаларын қажет жабдықтармен жарақтауды заңнамамен белгіленген мерзімде іс жүзінде жасап бітуі мүмкін емес.

Бір есептегіштің бағасы шамамен 15 000 еуро немесе 4 619 700 миллион теңге тұратынын ескеру қажет. 2011 жылы аспапты орнату кезінде келтірілген шығынның 2015 жылғы жаңартумен зая болғаны ма? Аспаптарды орнату бойынша талаптар мен нормалар болмаған жағдайда мұнай базасы белгілі уақыт аралығы өткеннен кейін пайдалануға жарамсыз болып мойындалуы да мүмкін.

«Ең жайлы жағдайдың өзінде ЕБА орнатудың және пайдалануға енгізудің шынайы мерзімі 2016 жылдың соңынан ерте бола алмайды. Осылайша, кәсіпкерлердің бейімделуіне одан көбірек уақыт кетеді», - деп есептейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасында.

6000 тонна көлемдегі мұнай базасын жарақтандыруға кететін шығын 70-300 миллион теңгені құрайды, ал аталмыш базаны жалдау айына 2,5-3 миллион теңгені құрайды. Орнатуға жоспарланып отырған жабдықтың өтелу мерзімі тым көп. ШҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мұндай қаржылық ауыртпалыққа шамасы келмей, ЖЖМ бағасын еселеп көтеруге мәжбүр болады деп қауіптенеді. Бұл өз кезегінде монополияға қарсы инспекция назарына түседі. Нәтижесінде ЖЖМ сататын кәсіпкерлердің барлығы дерлік кәсіпкерлік қызметін тоқтатуға мәжбүр болады.

Сонымен бірге бизнес субъектілерінде ЕБА-дан түсетін ақпаратты есепке алумен байланысты түйткілдер туындайды.

Мәселен, мұнай базасында ЖЖМ қабылдау және беру төрт өткізгішпен жүзеге асырылады. Ыдыстар саны - 60 дана. Резервуарлардың бір бөлігі жалға беріліп қойғандықтан, кейде бір есептегіш арқылы түрлі таңбадағы, түрлі өндірушілердің, түрлі иелердің отыны өтуі де мүмкін.

«Әрбір резервуардың құбыр өткізгішіне есептегіштердің орнату мүмкін болмаса, есептегіштердегі деректер қалайша нақты өнімге жатқызылмақшы», - деп алақан жаяды кәсіпкерлер.

Сонымен бірге, техникалық жағынан да қоршаған ауа температурасы, атмосфера қысымы, мұнай өнімінің деңгейі және басқалары кезіндегі өлшенетін өлшемдердің жол берілетін дәлсіздігі сияқты кемшіліктер мен сәйкессіздіктер баршылық.

Мәлімет ретінде, есепке алатын бақылау аспаптары, яғни мұнай өнімдерін өндіру көлемі және айналымы туралы автоматтандырылған ақпарат жүйесі көмегімен мұнай айналымы саласындағы уәкілетті органға шынайы уақыт режимінде кейін беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған мұнай өнімдерінің сапалық және сандық сипаттамаларын өлшейтін техникалық құрылғылар.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер