«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жол құрылысында банк кепілдігіне балама табылды

2015 жылғы 06 Қараша
9332 просмотров

Қазақстанда құрылыс жобаларының Тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру түрінде қорғауды ұйымдастыру жөніндегі саясаты дайындалды

2015 жылғы ақпан айында «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасына жол құрылысында еңбек ететін компаниялар «Казавтожол» ҰК» акционерлік қоғамымен жасалатын шарттарға сақтандыру механизмдерін енгізу туралы ұсыныспен жүгінді.

Сөйтіп, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үлгілік шарттарында мердігердің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етудің баламалы мүмкіндіктері (банк кепілдіктері, сақтандыру сертификаттары) көзделсе, мемлекеттік мекемелермен (мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес әрекет ететін) және «Қазавтожол» ҰК» АҚ-мен шарттарда аталмыш мәселе бойынша талаптар банк кепілдіктерімен шектеледі.

ҰКП жанынан осы мәселе бойынша пікірталас алаңы құрылып, «Қазавтожол» ҰК» АҚ, Қазақстан Сақтандырушылары қауымдастығы, Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы, банктер, сондай-ақ ірі сақтандыру және құрылыс компанияларының қатысуымен автомобиль жолдарын салуға және қайта қалпына келтіруге жұмыстарды сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді қамсыздандыру ретінде сақтандыру шарттарын қолдану мүмкіндіктерін талқылау бойынша бірқатар жиналыстар өткізілді.

2015 жылғы шілде айында «Қазавтожол» ҰК» АҚ барлық тараптар мүдделерін ескере отырып түйткілге зерттеу, халықаралық тәжірибеге талдау жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры және республикалық бюджет қаражаты есебінен «Қазавтожол» ҰК» АҚ қаржыландыратын құрылыс жобалары Тәуекелдерін сақтандыру және қайта сақтандыру түрінде қорғауды ұйымдастыру жөніндегі саясат жобасын дайындауға және кейін бекітуге ниет білдірді.

Саясаттың негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджет қаражатын қорғаудың қосымша механизмін құру және шарт бойынша өз міндеттемелерін қамсыздандыруды ұсыну кезінде жеткізушілер шығындарын барынша азайту болып табылады.

Банк секторы Бағдарлама жобасымен тұжырымдамалық тұрғыдан келісіп, сақтандырушылар өз кезегінде нақты механизмдерді түзету қажет болатынын атады.

2015 жылғы 4 қарашада Басқарма Төрағасының Орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығымен өткен соңғы кездесуде қатысушылар мәреге жақындап, жобаның одан арғы жұмысқа қабілеттілігін анықтау мақсатында оны 2016 жылдың басынан бастап іске қосу қажет деп атады.

«СК «Виктория» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары С. Лаврентьев мемлекеттік бағдарламалар аясындағы құрылыс процесіне сақтандырылған нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде тексеру мен бақылауды жүзеге асыратын сақтандырушының немесе қайта сақтандырушының инспектор-инженері ретіндегі сюрвейер тұлғасын қатыстыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

«Бақылау механизмін орнату «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол!» бағдарламасының аясында қаражатты жұмсауды толық бақылауды қамтамасыз етеді», - деп атады Басқарма Мүшесі – Басқарма Төрағасының Орынбасары Юлия Якупбаева.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры С. Айтымбетов Саясатты бекіту бойынша компанияның ішкі процедуралары басталатынын айтты. Бастапқыда Саясат әрекетін пилоттық режимде іске қосу және оның қызмет жасауы барысында жағымсыз және жағымды жақтарын анықтау жоспарланып отыр.

Аталмыш Саясат FIDIC стандарттарымен отандық жолдар құрылысын біртіндеп үйлестіруге мүмкіндік беретін болады.

Жалпы, сақтандыру және құрылыс нарығының өкілдері ұлттық оператор бастамасын қолдайды және Бағдарламаның пилоттық жобасын жүзеге асыруға қатысуға дайын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер