«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Солтүстік-қазақстандық таңғы ас

2015 жылғы 06 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
13740 просмотров

Петропавлдағы жылдам тамақтану өнімдерін өндіретін зауытты жыл соңында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Мәнкеев Орталық коммуникациялар қызметінің солтүстік-қазақстандық филиалында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Жыл соңына дейін тағы төрт жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз, олардың арасында көпшілікке танымал «Радуга» компаниясының жобасы бар. Ол облыс үшін мүлдем жаңа бағыт – жылдам тамақтану өнімдерін өндіруді дамытады. Зауыт жүгері қауызын, құрғақ таңғы ас, бұрындары негізінде Қазақстанға импортталып келген жылдам әзірленетін кеспе шығратын болады. Бұл импорттың орнын ауыстыруға да бағытталған бірегей өндіріс», - деп атады Мұхтар Мәнкеев.

«РимКазАгро» ЖШС жылдам дайындалатын тамақтану өнімдерін өндіретін зауыттың облыстағы Индустрияландыру картасына енетінін еске саламыз. Ол Петропавлда орналасады. Ол үшін кәсіпорын 1,5 гектар аудандағы жер телімін сатып алып қойған. Аталмыш жобаны жүзеге асыру 58 қосымша жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы 28 млрд теңге сомасына 41 жобадан тұрады. Оның ішінде 12 жоба үстіміздегі жылы жүзеге асырылған.

«Олар – үстіміздегі жылдың шілде айында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жалпы халықтық көпір барысында іске қосылған «Қазтехмаш» ауылшаруашылық техника шығаратын алғашқы зауыты. 1 қазанға дейін «Қазтехмаш» Машина жасау зауыты» ЖШС 24 комбайн мен 59 басқа да ауылшаруашылық техникасын шығарған. Олар өткен жинау науқаны кезеңінде Солтүстік Қазақстан алаңдарында жағымды сынақтан өтті. Сипаттамалары жөнінен шетелден сатылып алынатын әлемдік комбайндардан кем түспейтінін көрдік. Және де атап өткім келіп отырған екінші жоба  бұл - «Ростан» ЖШС. Кәсіпорын үстіміздегі жылы модернизация өткізіп, сүтті қайта өңдеу көлемі үш есе өсіп отыр. Компанияның ауданда орналасқанына қарамастан, оның экспорттау әлеуеті баршылық. Бүгінгі күні Владивостокқа 20 тонна ірімшік экспорттауда. Бұл жақсы мысал деп ойлаймын», - деп түйіндеді облыс әкімінің орынбасары.

Бір айта кететіні, облыстағы Индустрияландыру картасына кірген 41 жобаның әрқайсысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының нұсқаулығын алды. Бұл туралы оның тікелей басшысы Тұрар Искаков өз сөзінде айта кетті.

Ол сондай-ақ Картаға енген 73 жобаны жүзеге асыру мәселесінің Палатада мониторингте жатқанын атады. Екінші бесжылдықтағы Индустрияландыру картасына енген 41 жоба ішінен 21 жоба жалпы құны 19,5 млрд теңгені құрайтын аудандық жоба болып табылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер