«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңаша тексерістер

2015 жылғы 05 Қараша
- Ақтөбе облысы
9764 просмотров

Бизнесті қорғау үшін және бақылау және қадағалау органдары тексерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Тексеріс субъектілері мен нысандарының бірыңғай тізілімі енгізілмекші.

Бұл туралы palata.kz-ке Ақтөбе облысы бойынша ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасының аға прокуроры Жұмабек Саймағамбетов хабарлады.

Облыс прокуратурасы Тексеріс субъектілері мен нысандарының бірыңғай тізілімін (ТСНБТ) мемлекеттік бақылау саласында ықпалды әрі ашық механизм құру бойынша жұмыс жүргізуде.

«ТСНБТ бірегейлігі барлық тексеріс нысандары туралы мәліметтерді орталықтандыру, тәуекелді бағалау жүйесі бойынша тексерістерді тағайындау және олардың тіркеу процестерін автоматтандыру мүмкіндігімен ғана емес, тексеруші органдар үшін де, тексерілетін кәсіпкерлер үшін де тексеру процедурасының ашықтығын қамтамасыз етумен де анықталады. Егер бүгінгі күнге дейін тексеріс жоспарлары қолмен, қағаз тасымалдағышта жасалса, енді ТСНБТ тексерілетін субъектілер мен нысандарды таңдауда адамның қатысуын қажет етпейді. Яғни жүйе арнайы дайындалған алгоритм мен есептеу әдістемесі негізінде әлеуетті бұзушыларды іріктеп, кімді және қашан тексеру қажет болатынын анықтайтын болады», - деді басқарма өкілі.

Бұл жерде заңнаманың жаңа талаптары, алдыңғы тексерістер нәтижелері, есептілік, шағымдар мен басқа да ақпарат көздеріне жасалған мониторинг нәтижелері ескерілетін болады.

Аға прокурордың айтуынша, бірде-бір кәсіпкер жүйеден тыс қалмайды, себебі жүйе барлық мемлекеттік деректер базасымен байланыстырылған, ал кәсіпкер туралы мәліметтер мемлекеттік тіркеу, салық төлеуші ретінде есепке қою, атауды, қызмет түрін өзгерту, кез-келген басқа құқықтық әрекеттер нәтижелері бойынша лицензия және рұқсат алу сәтінен бастап, сонымен бірге әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде салынатын болады. Барлық қолда бар ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүйе кәсіпкердің қауіпсіздік рейтингін қалыптастырып, ол кәсіпкерлерге де, тауарлар, жұмыстар және қызметтерін тұтынушыларға да онлайн-режимде қолжетімді болады.

«ТСНБТ жүйесінде дайындалған «Тексерістер картасы» шынайы уақыт режимінде кәсіпкердің өңірдегі сенімділігін көрсетеді, ол жүргізілген тексерістер мен анықталған бұзулар санына тәуелді. Бұл рейтинг тұтынушылар үшін кәсіпкерлер жұмысын бағалауды ашық әрі қолжетімді қылуға мүмкіндік береді. Бұның тауарлар, жұмыстар және қызметтер сапасын көтеруге түрткі болары сөзсіз.

Кәсіпкерлер үшін жүйе тексеріс нәтижелерімен онлайн режимде танысу, тексеріс нәтижелері бойынша берілген балдар туралы ақпарат алу және оның тәуекел дәрежесі туралы білудің жаңа мүмкіндіктерін береді. Ал оның бірегейлігі әрбір нәтижемен егжей-тегжейлі танысып, келіспеген жағдайда онлайн режимде шағымдануға болатындығында», - деп баса көрсетті Жұмабек Саймағамбетов.

Осылайша, кәсіпкерде шынайы уақыт режимінде мемлекеттік бақылаудың барлық  сатыларын қадағалау және бизнесін қай бағытта дамыту және құру керекігін өзбетінше таңдау мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, мемлекеттік орган тараптары тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған кәсіпкерге қатысты тексерісті тіркеуге талпыныс жасайтын болса да, жүйе деректер базасымен  жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді.

«ТСНБТ жүйесін енгізудің арқасында мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелерін бірге әрі ойдағыдай үйлестіріп, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығына, шынайы уақыт режиміндегі ашықтығына, ведомстволық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге қол жеткізе аламыз», - деп қорытты аға прокурор.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер