«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мүмкіндік қашанда болады

2015 жылғы 04 Қараша
- Павлодар облысы
13775 просмотров

«City Mall» Сауда ойын-сауық орталығының сауда алаңдарын жалдаушыларға шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары жайлы ақпарат берілді

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Екібастұз филиалының менеджер-консультанттары кәсіпкерлерге Палата қызметінің негізгі бағыттары жайлы айтып берді, кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдарымен таныстырды.

Сервистік қызмет көрсетуге ерекше назар аударылып, баяндамашылар жергілікті бизнесмендердің аталмыш қызметтерді алудағы жетістікті мысалдары жайлы жеткізуге тырысты. Сөйтіп, жас кәсіпкер Ақтолқын Көпеева былтыр мемлекеттік қолдауды қолданып, 3 млн теңге грант алған және балалар киімін тігетін тігін цехын ашқан екен.

Кәсіпкер, көз кемістігі жөнінен мүгедек Альмира Смағұлова арнайы киім тігетін жеке кәсіпорын ашуда. «Палата консультанттары бір күн ішінде бизнес-жоспар даярлауға, барлық қажет құжаттарды жинауға көмектесті. Палата менеджерлері болмағанда, бизнесті гранттық қаржыландырудың бар екенін білмес едім», - дейді Альмира.

Кәсіпкерлер сонымен қатар жеке ісін кеңейту мүмкіндіктері жайлы хабардар болды. Сонымен, ойыншық сататын бутик иесінің бірі балаларға арналған дамыту ойыншықтарын жеке өндіруді жөнге салуды жоспарлап отыр.

Әңгіме барысында екібастұздық бизнесмендерді алаңдатып жүрген шешімін талап ететін түйткілдер тобы айқындалды. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді бутиктерінің визитка-сайтын құру мүмкіндіктері жайлы мәселе толғандырады. Аталмыш сайтқа ұсынылатын тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты қоюға болар еді.

Палатаның өңірлік филиалының менеджерлері бизнесмендердің сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріп, оларға Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалында көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерден тұратын ақпараттық буклеттер таратты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер