«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіптік консультация алуға асығайық

2015 жылғы 04 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
15984 просмотров

Петропавл қаласы Кәсіптік бағдар беру орталығы Бастауыш кәсіптік бағдар беруші мектебіне шақырады

Ересек жеткіншектік жаста жетекші қызмет болып табылатын кәсіптік жеке жол таңдау кезеңінде жастарда психологиялық консультация алу қажеттілігі туындауы мүмкін.

«Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік консультация берудің басты міндеті өмірлік және кәсіптік жеке жол таңдауда, кәсіптік өзін-өзі танытуға қол жеткізуге көмектесетін қабілеттер мен тұлғалық сапаларды дамытуға көмектесу деп санаймыз. Өйткені кәсіптік таңдаудың негізгі қиындығы икемділіктер, қабілеттер мен қандай да бір кәсіпке деген қоғамдық сұраныс, сондай-ақ индивидтің психологиялық сапаларын таңдалатын кәсіп үшін қажет сапалармен салыстыру арасындағы теңгерімді дұрыс айқындауда болып отыр», - дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ирина Торопова.

Аталмыш мәселелерді шешу үшін және Кәсіптік бағдар беру жұмысы жол картасын жүзеге асыру аясында қазан айынан бастап қаладағы Кәсіптік бағдар беру орталығында Бастауыш кәсіптік бағдар беруші мектебі жұмыс жасауда. Мұнда тәжірибелі консультанттар кәсіптік бағдар беруге жауаптыларға сұрауларға жауап ретінде ақпараттық және психологиялық көмек көрсетуге үйретіп, жаңадан келгендерге кәсіптік қызмет саласындағы жаңа зерттемелерді таныстырады.

Тренингтер өткізу кестесі, мекенжайы және тақырыбы:

  • 10 қараша - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Петропавл қаласының кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастыру жолдары»;
  • 17 қараша - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік бағдар жұмысын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу»;
  • 24 қараша - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік бағытты анықтау мақсатында оқушылар арасында тестілеу мен сауалнама жүргізу жолдары»;
  • 8 желтоқсан - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша әдістемелік зерттемелер, ақпараттық-насихаттау материалдары»;
  • 22 желтоқсан - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік бағдар бойынша шығармашылық байқаулар, презентациялар ұйымдастыру және өткізу»;
  • 29 желтоқсан - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Мектеп түлектерінің кәсіптік бағытын анықтау жөніндегі әдістемелерді қолдану»;
  • 5 қаңтар - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Оқушылардың кәсіптік жол таңдау түйткілі жөніндегі ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу жолдары»;
  • 12 қаңтар - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік бағдар жұмысы бойынша нормативтік-құқықтық құжаттама»;
  • 19 қаңтар, - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, еңбек нарығының ахуалы туралы ақпарат беру»;
  • 26 қаңтар - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122, «Оқушының кәсіп таңдау жөніндегі жеке психологиялық ерекшеліктеріне диагностика жүргізу жолдары»;
  • 2 ақпан - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 , «Кәсіптік бейімділік туралы сауалнаманы және кәсіби консультация беруді ұйымдастыру жолдары»;
  • 9 ақпан - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік бағдар жұмысы бойынша ағымдағы және есептік құжаттаманы ресімдеу»;
  • 16 ақпан - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Жұмысшы мамандықтарды меңгерген ата-аналарды кәсіптік бағдар беру жқұмысына тарту жолдары»;
  • 23 ақпан - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік бағдар беру жөнінде ашық іс-шаралар өткізу»;
  • 1 наурыз - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «9, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беруге жүргізілетін мониторинг»;
  • 15 наурыз - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Болашақ мамандықты таңдау бойынша консультация беру (жеке, топтық)»;
  • 29 наурыз - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Балалардың мамандық таңдауы бойынша ата-аналарға консультация беру»;
  • 5 сәуір, - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Қазақстанның жоғары оқу орындары» ақпараттық презентациясы»;
  • 12 сәуір - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік бағдар беру бойынша конференция өткізуде, жобаларды қорғауда көмек көрсету»;
  • 19 сәуір - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Білім беру ұйымының сайтына және БАҚ-та кәсіптік бағдар беру материалдарын орналастыру жолдары»;
  • 26 сәуір - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік консультация: қатысушының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, қабілеттерін ескере отырып жұмыс орны мен мамандықты таңдауға көмектесу жолдары»;
  • 3 мамыр - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «КжТББ және жоғары оқу орындары мекемелері өкілдерімен кездесу ұйымдастыру жолдары»;
  • 10 мамыр - Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 42, 122 кабинет, «Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын насихаттау мақсатындағы еріктілер қозғалысы»;
  • 17 мамыр - Петропавл қаласы, Театральная көшесі ,42, 122 кабинет, «Ата-аналарға арналған нұсқаулықтар дайындау жолдары» (мамандық таңдау түйткілі бойынша жадынамалар)

Тренингтер өтетін уақыт – сағат 15.00.

Сондай-ақ әрбір айдың 10-ы күні Петропавл қаласы Кәсіби бағдар беру орталығы ашық есік күнін өткізіп тұрады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Жас кәсіпкерлер клубында ментормен кездесу өтті
16 Мамыр
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Кәсіпті қалай дұрыс таңдау керек?
16 Қазан
2015
Ақтөбе облысы
Жұмысшы деген кәсіп бар
26 Мамыр
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер