«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Канадалықтар Қазақстанға халал-ет жеткізуге дайын

2015 жылғы 04 Қараша
- Алматы қаласы
12772 просмотров

Қазы-қарта, жал-жая және басқа да жеңсік асты қазақ дастарханына канадалық жылқы етін өндірушілер жеткізе алады

Қазақстандағы Канада елшісі Шон Стайл, Алматы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Юрий Тілеумұратов және оңтүстік астанадағы іскер топтар өкілдері тамақ саласы, қайта өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Өңірлік палата басшысы атап өткендей, Канаданың Қазақстанға ұқсайтын тұстары баршылық. Екі мемлекетті кең көлемді аумақтары, климат жағдайы да, энергия ресурстарын өндіруге бағытталған экономикасы да біріктіреді. «Елдеріміздің арасындағы тауар айналымы былтыр, өкінішке орай 70% қысқарды. Бұл объективті себептерден орын алды, негізінде, қазақстандық мұнай жеткізулері қысқарды. Қазір Қазақстанда канадалық капитал қатысуымен әрекет ететін 118 кәсіпорын біздің елдеріміз үшін өте аз. Тығыз серіктестік үшін келешегіміз одан әлдеқайда жоғары тұр. Алматы өндірістік және тұрмыстық қызметтер саласында қызықты жобаларды жүзеге асыру үшін жеткілікті деңгейдегі адами капиталға ие. Сонымен қатар, қаламыз – 3 млрд адам мекен ететін Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытындағы жап-жақсы логистикалық нарық», - деп хабарлады Юрий Тілеумұратов.

Жоғары шенді қонақ Палатаға ұсынылған сұхбат алаңы үшін алғыс айтып, Канаданың Қазақстан сияқты пайдалы қазбалардың мол қорына ие екенін атады. «Мұнай, астық, ет өнімдерін экспорттаймыз, және де дәл сіздер сияқты америкалық валютаға тәуелдіміз. 2013 жылға дейін канадалық доллардың америкалық долларға қатынасы 1:1 құраған еді, 2013 жылы канадалық доллар 90 центке дейін түсіп, былтыр біз үшін 1 АҚШ доллары үшін 75 центке рекордтық әлсіреу орын алды. Алайда дағдарыс – бұл жаңа шешімдер үшін таптырмас мүмкіндік. Ал оның бірі – экономиканы әртараптандыру. Бұл мәселе Канада билігінің алдында да өткірленіп тұр. Осыған орай сіздерге ынтымақтастықтың бірнеше жолын, атап айтқанда, Қазақстанға жоғары сапалы канадалық етті жеткізуді, бірлескен қайта өңдеу өндірістері үшін жабдықтар, технологиялар трансфертін, Азия жағына да, батыстық санкциялар тұтқынына айналған Ресей жағына да өткізу нарықтарын дамытуды ұсынамын», - деді Шон Стайл.

Дипломат идеяларының кездесуге шақырылған отандық кәсіпкерлерде шынайы қызығушылық танытқанын атап өту керек. «Компаниямыз қазақстандық консерві өндіру нарығында көш бастайды», - деп хабарлады “Кублей” ЖШС өкілі. «Консервіленген өнімнің 100-ден астам түрін өндіреміз, соның ішінде елімізде жоқ органикалық ет те бар. Жылдық өнім көлемі 4-5 мың тонна, компания айналымы 38 млн. доллар, өндіріске 350 жұмысшы тартылған. Кәсіпорын – облыстағы ірі салық төлеуші. Шикізаттың көп бөлігін шетелден сатып аламыз, себебі ішкі нарықтағы баға өсуін арандатудан қауіптенеміз, және де бұл негізде канадалық ет өндірушілермен ынтымақтасу мүмкіндігі қызықтырып отыр», - деп нақтылады ол.

«Көкшетауда «Бижан» компаниясының мал соятын цехы бар. Сол жерде консерві және шұжық цехы салынған. Цехта тәулігіне 3 тонна өнім өндіріледі. Алматыда күніне 5 тонна өнім шығаратын жартылай фабрикаттар өндіретін тағы бір зауыт әрекет етеді», - деп жеткізді отандық компания өкілі. «Жақында Алматы әкімдігі бізге Алматының Алатау ауданындағы индустриялық аумағынан 3,5 гектар жер бөліп берді. Ол жерге тәулігіне 10 тонна шұжық өнімдерін және 10 тонна жартылай фабрикаттар мен деликатес өндіретін жаңа зауыт салмақшымыз. Қазірде өзімізге жетерлік өндіріс жұмыс жасап тұр, бірақ келешекте, жаңа жоба іске қосылған соң, етті көтерме жеткізуге мүдделіміз. Біз үшін еттің халал стандартына сәйкестік мәселесі принципті мәнге ие».  

Елшінің айтуынша, Канада – әлемдегі ірі етті халал-өнім шығарушы және экспорттаушылардың бірі. «Бізде елдің бестен бір бөлігін құрайтын әлемдегі ірі араб диаспорасы өмір сүріп жатыр. Және де халал стандартына сәйкестік процестің ең басында, малды сою кезінде басталады. Осының арқасында Таяу Шығыс елдері тұтынушылары арасындағы сенімді жеңіп алдық. Оның үстіне, Канадада тамақ өнімі, ет сапасына аса жоғары талаптар қойылып, қатаң бақылауда ұсталады», - деп хабарлады Шон Стайл.

Іле етті қайта өңдеу комбинатының өкілі де шетелдік дипломатқа жүгінді. Кәсіпкер құлдырауға алып келген күрделі экономикалық жағдайды сөз етті. «Былтырғы жылы өндірісті жабуға мәжбүр болдық. Қазірде бірлескен өндіріс құру аясында стратегиялық инвестор іздеу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Технологияларды толықтай өзгертіп, жаңа бизнес-үлгі негізінде қызмет жүргізуді бастайын деп отырмыз. Бұл бағытта ресейліктер мен белорустар біршама қызығушылық танытуда. Канадалық инвесторлардың ұсыныстарын қарауға дайынбыз». Қонақтар қазақстандықтардың ұсыныстарын Канаданың бизнес-қоғамдастығымен талқылауға уәде берді.  

Кездесу соңында тараптар бір-бірімен байланыс ақпараттарын алысып, мал шаруашылығында, ауыл шаруашылық машина жасау секторындағы, аграрлық саладағы ақпараттармен және жаңа технологиялармен алмасудағы серіктестіктің нығаярына сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер