«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер – мақтанарлық мамандық!

2015 жылғы 03 Қараша
- Ақтөбе облысы
12114 просмотров

Ауылдық мектептер оқушыларына стандартты және көптеп сұралатын кәсіптер таныстырылды

Ақтөбе облысы Кәсіпкерер палатасының өкілдері жастар саясаты мәселелері жөніндегі ресурстық орталықпен бірге Жаңа Қоныс және Қурайлы ауылдары орта мектептерінің оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысын жүргізді.

Кездесуге жүзден аса оқушы қатысты. Оқушылар болашақта жұмыс іздеуге уақыт жоғалтпау үшін, қайда барған дұрыс болатыны жайлы сұрақтар қойды. 

«Біз түйткілді мәселелерді көтеріп, болашақ түлектерден болашақ кәсіпті таңдауда жеткіншектің шешіміне қандай факторлар әсерін тигізетінін сұрастырдық. Күткеніміздей, көбінесе ата-ананың тілегі, отбасының пікірі, мамандықтың беделі, жоғары жалақы және т.б. болып шықты», - дейді ӨКП сарапшысы Венера Шавкилова. 

Әрине, балалар кәсіпкерлік тақырыбын үлкен қызығушылықпен талқылады. Жеке істі қалай ашуға болады, немен айналысу керек, бизнесті неден бастау керек, кәсіпкерге көмектесу үшін мемлекет қандай шаралар қолданады, бизнес-жоспар не үшін қажет және т.б.  

Бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмады. Кәсіпкерлікті дамыту орталығының бизнес-тренері Ақкенже Өтегенова балаларға жеке іс ашып, оны ойдағыдай жүргізу үшін не қажет болатыны жайлы ақпарат берді. Палата сарапшысы мұғалім, инженер және аспаз сияқты стандартты мамандықтарды да таныстырды. Бүгінгі таңда еңбек нарығында көптеп сұралатын токарь, дәнекерлеуші, слесарь сияқты жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аударылды.

«Кездесу керемет өтті. Кездесуіміздің жастардың болашақ жолын таңдау мәселесінде өз жемісін береріне сенемін», - деп қорытты Венера Шавкилова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер