«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тауар қайтарылды, ақшасы берілсін!

2015 жылғы 02 Қараша
9458 просмотров

ҰКП қазақстандық кәсіпкердің түйткілін шешу үшін РФ бизнес-омбудсменіне жүгінді

Жеке кәсіпкер Әйгерім Оралбаева ресейлік «Технология света» компаниясына люминесценттік өнімге тапсырыс беріп, ол сапсыз болып шығады. Ол толық сомасын төлеп қойған тапсырысты қайтарып жібереді. Алайда ақшасы сол күйі келмей қалады. Аталмыш түйткілді шешуге талпынған кәсіпкер Астрахань облысының арбитраждық сотына жүгініп, процесті жеңіп шықты. Сот «Технология света» компаниясынан бір миллионнан астам рубльді өндіруге қаулы шығарғанмен, кәсіпкер жаңа түйткіл – сот шешімін орындаудағы әуре-сарсаңға ұшырап отыр. Ұлттық палатаның араласуымен жағдай алға жылжыды.

Астрахан облысы бойынша кәсіпкерлер құқығын қорғау жөнінде уәкілетті орган ҚР ҰКП өтінішіне жауап ретінде Астрахан облысы прокуратурасы анықтаған бұзулар жайлы хабарлады. Сөйтіп, Советский аудандық сот приставы-орындаушыға сот шешімін кеш берген болып шықты, ал бұл орындаушылық іс жүргізудің уақытында қозғалмауына алып келген.

Ақырында прокуратура Астрахан облысы бойынша Федералдық Сот приставтары қызметі басқармасы басшысының атына сәйкес ұсыныс енгізді. Орындау ісін жүргізу аяқталмайынша, Ұлттық палата сот шешімінің орындалу барысын қадағалауды жалғастыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер