«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвесторлар, қош келдіңіздер!

2015 жылғы 29 Қазан
8705 просмотров

Астана шетелдік капитал үшін тіпті аспан көгінде де жағдай жасауға дайын

Бүгін Қазақстанның елордасында VII халықаралық инвестициялық форум ашылды, яғни Астана отандық экономика мүмкіндіктерін көрсету үшін әлеуетті инвесторлар, миллиардерлер, шетелдік инвесторларды қайтадан шақырды.

Еліміз әлемдегі жағымсыз экономикалық ахуалға қарамастан инвестициялар тартуда.

«Соңғы 5 жылдағы әлемдік инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, Қазақстан жыл сайын шамамен 20 млрд доллар тікелей шетелдік инвестицияларды тартады», - деп баса көрсетті Қазақстанның Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев форумның ашылуында.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары берген деректер бойынша, соңғы 10 жылда инвестициялық климатты жақсартудың арқасында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың ағылуы 215 млрд. АҚШ долларын құраған. Бүгін шетелдік қонақтарға ұсынылған жобалар арасында Астана Халықаралық қаржы орталығы да болды. Бақытжан Сағынтаев осы тақырыпты қозғай келе, оның «ЭКСПО-2017» көрмесі инфрақұрылымының базасында құрылатынын атады. Ол үшін Қазақстанда қажет заңнамалық актілер дайындалып, қабылдануда, алайда жаңа қаржы орталығында әлеуетті қатысушылардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру үшін басқа да нұсқалар қаралуда. Қазақстанның үкіметі осы мақсатта Астанаға авиа ұшып келуді де біртіндеп біршама ыңғайлы етуге дайын. «Астананы жаңа қаржы орталығы ретінде дамыту үшін ашық аспан қағидаттарын қолдану арқылы халықаралық авиатасымалдаулар жағдайларын кезең-кезеңмен ырықтандыру көзделіп отыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов те Астананың инвестициялық болашағы жайлы пікірімен бөлісті. «Дамудың маңызды бағыты исламдық қаржыландыру болып табылады, және де Астана өңіріміздегі исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі көшбасшы болады деп есептейміз», - деп атады Ұлттық банк басшысы. Қайрат Келімбетов тақырыпты дамыта келіп, «Ұлттық банктің міндеті – банк жүйесіндегі барлық активтердің 10% исламдық қаржыландыру саласына келуі» екенін хабарлады.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың сөзі де «Astana Invest Forum» қатысушылараның қызығушылығын тудырды. Ол көрмеге 100 елдің қатысуы күтіліп отырғанын, ал 49 елдің ЭКСПО-ға келетіндерін растағанын хабарлады.

«Экономикалық күйзеліс кезеңінде осынша көлемді оқиғаны өткізу болашақтың технологиясын дамыту және тартудың жаңа мүмкіндіктерін беретіні біршама маңызға ие», - деп атады Ахметжан Есімов.

Көрме басшысы берген деректер бойынша, қазірде ЭКСПО-2017 құрылыс алаңдарында 8000 адам еңбек етуде, ал көрмені өткізу үшін салынып жатқан тұрғын үй, қонақ үйлер, сауықтыру орталықтары құрылысы бойынша инвестициялық жобалардың жалпы мөлшері 100 млрд. теңгеге жеткен».

Күннің екінші жартысында Астананың инвестициялық жобаларының егжей-тегжейлі претезентациялары өтеді. Соның ішінде, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне арналған жобалар болады, сонымен қатар елордаға арналған ақылды көлік, ақылды инфрақұрылыс саласындағы жобалар, Астана Халықаралық әуежайын дамыту, инновациялық келешек төңірегіндегі жобалар болады.

Түрлі салаларда мойындалған шетелдік сарапшылар бағыт берген шеберлік сабақтарының кестесі біршама мазмұнды. Биыл алғаш рет қазақстандық-әмірліктер бизнес-форумы ұйымдастырылды. Ұйымдастыру комитеті берген деректер бойынша, оған қатысу үшін әлемнің 30 елінен 3000 адам тіркелген.

Ұйымдастырушылар сонымен қатар форумның бірінші күнінің қорытындысы бойынша жобалар үшін инвестициялар тарту туралы 30-дан астам меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Сөйтіп, Сhina Railway Asia Europe Construction Investment Co.Ltd компаниясы Астана үшін инженерлік-құрылыс техникасын лизингілеу жөніндегі компанияны құруға шамамен 100 млн доллар инвестициялауға ниет білдірді.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер