«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Миллиардтаған сома оңтүстік-қазақстандық өндірушілер жанынан «өте шықты»

2015 жылғы 28 Қазан
- Шымкент қаласы
13690 просмотров

1 миллиард 300 миллион теңге бюджет ақшасы оңтүстік-қазақстандық өндірушілерге емес, алыпсатарларға бұйырды

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы оңтүстік-қазақстандық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары арасында жүргізген мемлекеттік сатып алулар мониторингінің қорытындысы осындай. Бұл ақпарат Молдияр Оразалиевтің басшылығымен өткен Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің кезекті кездесуінде айтылды.

Ел президентінің отандық өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік қажеттілікке арналған тауарларды алыпсатарлардан емес, отандық өндірушілерден сатып алу міндетін алға қойғанын еске саламыз. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы ҚР Қаулысымен Қазақстанда жасалған номенклатуралық тауарлардың тізбесі бекітілді. Мемлекеттік және оған бағынышты мекемелер сатып алуларында импорттық емес, дәл осы тауарлар болуға тиіс. Жеткізушілерді таңдау кезінде аталған тапсырыс берушілердің барлығы отандық өндірушілерді таңдауға тиіс.

Алайда, мониторинг анықтағандай, ҚР Үкіметінің аталмыш қаулысын жергілікті атқару органдарының құрылымдық бөлімшелері бұзып отырады екен. Сөйтіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасына бағынатын мекемелерде жергілікті өндірушілер мүддесіне қысым жасаған 59 мемлекеттік сатып алу өткізу оқиғасы анықталды. Сұралатын тауарлардың басым үлесі мұнда азық-түлікке тиесілі, ал бұл 1 миллиард 123 миллион теңгені құрайды! Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшелері дәл осы дерекке назаланды, себебі ОҚО-да сүт, көкөніс, нан-тоқаш және ет өнімдерін өндірушілер жетіп жатыр. Бірақ байқауға тек қана отандық өндірушілер қатысады деген белгінің жоқтығы алыпсатар жеткізушілердің пайдасына болды.

«Шымкент мемлекеттік хайуанаттар бағы» МКҚК, ҚР АШМ «Қазсушар» РМК, «№4 Облыстық перинаталдық орталығы» МКҚК, Қожа-Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және басқа да мекемелер мамандары осындай бұзуларға жол берген.

Палата жыл басынан бері облыс бойынша байқау әдісімен өткізілген мемлекеттік сатып алу саласындағы 69 бұзуға жол беру оқиғасын анықтады. Бірақ одан басқа осыған ұқсас бұзулар бағалық ұсыныстарды сұрау тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік туарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алулары кезінде де орын алады.

«Номенлатуралық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы тек қана отандық өндірушілер мен жеткізушілер арасында жүзеге асырылуға тиіс», - деп түйіндеді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшелері отырыс қорытындысын.

Палата сарапшылары ОҚО қаржылық бақылау инспециясына тауарлар мен қызметтер мемлекеттік сатып алуларын өткізу кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған ҚР Үкіметінің қаулысы орындалуын қатаң бақылауға алуын сұрап ресми хат жолдайды. Кеңес мүшелері ОҚО Кәсіпкерлер палатасына мониторингті жалғастыруды ұсынды. Палата сарапшылары бұзуды анықтаған жағдайда материалдарды прокурорлық жауап қату актісін қабылдау үшін ОҚО прокуратурасына жібереді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер