«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Прокуратура Алматы қаласы Мемлекеттік табыс департаментін бақылауға алды

2015 жылғы 25 Қазан
- Алматы қаласы
10617 просмотров

Салықшылар бизнесті заңсыз түрде жалған кәсіпкерлікке айыптады

Екі мыңға жуық алматылық компания (“Беккер и К”, “Мастер Лтд”, “рlatus.kz” және басқалары) Алматы қаласы Мемлекеттік табыс департаментінен хабарламалар алды. Қазынашылар хаттарында бизнесмендерге серіктестерінің үстінен жалған кәсіпкерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып жатқаны, осыған орай аталмыш контрагенттермен өзара есеп айырысудағы ҚҚС және корпоративтік табыс салығы сомасының есептелмейтіні ескертілген.

«Біріншіден, компаниялар аса ірі шығынға ұшырауда. Олардан төлеуге міндетті болмай отырған салықты ұстап отырсыздар! Бұл олардың контрагенттерінің кінәсі. Екіншіден, «бедел» деген ұғым бар. Бизнесменнің серіктесі жалған кәсіпкер екенін, оның үстіне мемлекеттік орган аузынан естуінің қандай екенін білесіздер ме? Ал сот шешімі шыққанға дейін мұндай қылмысқа ешкімнің де айыптауға құқығы жоқ, кінәсіздік презумпциясы бар», - деп атады Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратов.

«Сіздер таратқан хабарламада компаниямыз жалған кәсіпорын болып отыр. Мұрағаттарды ашыңыз, менде 2010-2013 жылдардағы кезеңдегі салық төлеу туралы барлық квитанциялар сақталған. Салық төлемеу 2013 жылдан басталады, бірақ дәл осы кезде біздің контрагенттеріміз фирмаларын сатып жіберіп, біз орнын төлеуді талап етіп отырған олардың тауар қалдықтарын сатып алған едік. Сонда неліктен осы салықтың орнын толтыруды бізден талап етіп отырсыздар? Бізде де, бізден бұрынғы иегерлерде де бюджетке жасалатын төлемдер бойынша қарыз болған жоқ. Фирманың жаңа иелері бар, солардың атына жүгініңіздер», - деп наразылығын білдірді “рlatus.kz” ЖШС басшысы.

Мемлекеттік табыс департаменті өкілінің айтуынша, аталмыш хабарламалар – хабарландыру емес, сәйкесінше, ақпараттық-түсіндіру сипатына ие. «Салық есебін ұсыну не болмаса аталмыш хабарламалар бойынша қандай да бір шаралар қолдану қажет емес», - деп түсіндірді Алматы қаласы МТД жанама салықтарға әкімшілік ету басқармасы басшысының орынбасары Сейітжан Еркін.

«Бізді жалған кәсіпкерлікке айыптап отырсыздар. Серіктестерімізбен реттелген байланыста болғанбыз. Алайда жылдар бойы дайындалған байланыстар әп-сәтте бұзылды. Аталмыш мәселемен сотқа шағымданбақшымыз», - деп ескертті кәсіпкер Алматы қаласы КП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысының барысында.

Прокуратура туындаған жағдайға ден қойды. «Аталмыш хабарламалар қандай нормативтік-құқықтық актілер негізінде жасалған?», - деген сұрақ қойды Кеңеске қатысуға шақырылған қадағалау органының өкілі.

Алайда анық жауап қайтарылмады. «Комитетіміздің бұйрығы осындай, біз тапсырманы орындаймыз», - деп мәлімдеді Мемлекеттік табыс департаментінің өкілі.

Дей тұрғанмен, аталмыш мәселе төңірегінде прокурорлық тексеріс басталып кетті. Салық органдарының әрекетін құқықтық бағалау бойынша нәтижелерді прокуратура жұмыс соңында беруге уәде етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер