«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дер кезінде жауап қатты

2015 жылғы 23 Қазан
- Алматы қаласы
10099 просмотров

Медеу және Алмалы аудандарының мемлекеттік табыс департаменттері Алматы кәсіпкерлеріне ҚР салық заңнамасын бұзуды жою туралы 200-ден астам хабарлама жіберген.

Фискалдық орган өкілдері ресми хаттарында салық заңнамасын бұзуларды көрсетеді, сонымен бірге ҚР Еңбек кодексінің 124 бабына сілтеме жасайды. Аталмыш бапқа сәйкес «жалақыны индекстеуді жұмыс беруші ҚР нормативтік құқықтық актілерінде тиісті кезеңге айқындалған инфляция деңгейін негізге ала отырып, келісімдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен жүргізеді».

Хабарламада сондай-ақ жалақыны индекстеуді жұмыс берушілердің тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылық сұраныстың өсуіне орай жүргізуі қажет екені аталады. Олар сонымен бірге «еңбек заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделгенін (ҚР ЕК 14 бабы)» мәлімдейді. «Салық төлеушілердің 2015 жылғы 1-2 тоқсандағы салық есептілігі нысандарында берілген көрсеткіштерге жүргізілген мониторинг жалақының айлық орташа мөлшеріндегі елеулі ауытқуларды көрсетіп отыр», - делінген мемлекеттік табыс басқармасының хабарламасында.

Осыған орай кәсіпкерлерге «жалақыны есептеуді қайта қарау, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ақысының шынайы қорын және жалақыдан алынатын салықтың төленуінің толық көрсетілуін қамтамасыз ету» ұсынылған.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін салық органдары хабарламаларын қайтып алды. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлім бастығы Бекежан Күнтаев жағдайға орай: «Салық органдары (мемлекеттік табыс) аталмыш жағдайда Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының міндеттемесін өз мойындарына алып отыр. Бұл, сәйкесінше, Мемлекеттік табыс департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне кірмейді. Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштер аясында Палата сарапшылары аудандық салық органдарының әрекеттеріне дер кезінде жауап қатып, осыдан кейін барлық хабарламалар қайтарып алынды», - деп түсінік берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер