«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Авторлық құқық: қайда, қалай және не үшін?

2015 жылғы 23 Қазан
18570 просмотров

Әділет министрлігі авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға құқығын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет алушылар үшін Жадынама дайындады

Қызмет алушы (яғни авторлық құқық алғысы келетін адам) шығармаға құқығын тіркеу үшін ҚР Әділет министрлігіне өтініштері мен материалдарын жолдайды. Жадынамада әдеби, ғылыми, драмалық, сценарийлік туындыларға, музыкалық туындыларға; хореография, пантомима, аудио-көрнекі шығармалар; сәулет, қала құрылысы, дизайн туындыларына; бақ-саябақ өнеріне; көркем өнер, мүсін, графика, бейнелеу өнері және қолөнерге; фотосурет туындылары мен фотосуретке ұқсас тәсілмен алынған туындыларға, сонымен қатар карталар, жоспарлар, нобайлар, иллюстрациялар мен география, топография және басқа да ғылымдарға жататын үш өлшемді туындыларға; ЭЕМ үшін бағдарламаларға құқықты тіркеу кезінде қажет болатын құжаттар тізбесі берілген.

Бұдан кейін Әділет министрлігі кеңсесінің қызметкері өтінішті тіркеп, ол одан әрі Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департаментінің қарауына беріледі.

Әділет министрлігінің қызметкерлері 10 күн бойы өтініште барлық құжаттар берілген-берілмегенін, олардың дұрыс ресімделуін тексереді. Авторлық құқықты поштадан куәлік не уәждемелі бас тарту жазылған хат келген соң, өтініш берген сәттен бастап 20 күннен кейін тіркеуге болады.

Зияткерлік меншік нысанын тіркеуге арналған жадынамамен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер