«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ортақ нарық ортақ қағидаларды болжайды

2015 жылғы 22 Қазан
10640 просмотров

ЕАЭО жағдайында қазақстандық бизнес қалай жұмыс жасап жатыр?

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы – экономикалық интеграция департаментінің директоры Дана Жүнісова «ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында өнеркәсіп саласындағы бәсекелестікті адвокаттандыру» халықаралық конференциясында отандық кәсіпкерлердің ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағында бизнес жүргізу кезіндегі түйткілдері жайлы сөз қылды. 

Ұлттық палата өкілі «бәсекеге қабілетті орта және бизнес жүргізуге тең құқылы жағдай» жасап алмайынша интеграцияның белгілі бір қиындықтар көретінін мәлімдей отырып, бірінші кезекте назарды бәсекелестік мәселелеріне аударды. ЕАЭО мүше мемлекеттер нарығының 1 трлн долларға (937 млрд.АҚШ доллары)жуық сыртқы сауда айналымы бар 182 млн тұтынушыдан тұратыны белгілі.

«Бұл қазақстандық бизнестің кәсіпкерлік бастама жасау әлеуетін іске асыру үшін түрткі болады, инвестициялар тарту, жаңа өндірістер құру бойынша, сонымен қатар отандық өнімнің трансшекаралық және сыртқы нарықтарға шығуына мүмкіндіктер ашады. Аталмыш мәнмәтінде ЕАЭО бәсекелестіктің жалпы қағидалары туралы Шартының қағидалары ерекше маңызға ие», - деп атады «Атамекен» ҰКП өкілі.

Дана Жүнісова мәлімдегендей, бәсекелестік деңгейінің ахуалын талдау және бағалау кезінде барлық қатысушылардың объективті бастапқы шарттарын, сондай-ақ трансшекаралық нарықтардағы ЕАЭО мүше мемлекеттен шыққан әрбір кәсіпкерлік қатысу үлесі мен сыйымдылығын ескеру қажет.

Бизнестің мүддесін қозғайтын келесі мәселе – бұл кедергілер.

Дана Жүнісованың сөзіне сүйенсек, ЕАЭО қызмет жасай бастаған сәттен бері және Шартта негізі қаланған ынтымақтастық нормаларын тәжірибеде қолдана бастағаннан бері тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күші үшін төрт еркіндіктің тиімді қызмет жасауына кедергі келтіретін қандай да бір саланың реттеу механизмдеріндегі кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді анықтау процесінен жалтара алмаймыз. ЕЭК осыған орай ЕАЭО нарығына өзара қолжетімділік үшін Кедергілер тізімін дайындады. Қазірде Тізімде 139 анықталған алулар, кедергілер мен өзара қолжетімділіктің өзге де шектеулері орын тапқан.

Дана Жүнісова атап өткендей «Атамекен» ҚР ҰКП өз кезегінде отандық кәсіпкерлер өтінішінің негізінде қазақстандық бизнес үшін кедергілер тізімін қалыптастыру жұмысын жүргізіп жатыр.

Сонымен бірге ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы хабарлағандай, бүгінде отандық кәсіпкерлер үшін екінші дәрежедегі маңызға ие, және де шешілмей қалып жатқан әрі сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда салмақты кедергі болып табылатын бірқатар мәселелер баршылық.

Оның сөзінше, Қазақстан бизнесі кәсіпкерлік қоғамдастығымызды Одақтағы әріптестерімізге қатысты алғанда тең емес бәсекелестік жағдайға қалдыратын бірқатар түйткілдерге ұшырап үлгерген.

ҰКП өкілі қазақстандық кәсіпкерлер үшін біршама өткір әрі ауыртпалықты мәселелердің бірі ретінде қазақстандық жүктер транзиті мәселесін атады. Дана Жүнісованың ойынша, «бұл түйткіл ЕАЭО ұлттықтың үстіндегі шешімдерінің орындалуына мониторинг әрі бақылау жоқтығының нәтижесі болып табылады. Оған ЕАЭО Премьер-Министрлерінің ЕАЭО аумағында Халықаралық жол тасымалдары (ХЖТ) Конвенциясының әрекет етуін қамтамасыз ету туралы Өкімінің орындалмауы мысал бола алады».

ЕАЭО аумағымен жүкті транзиттеу кезінде ХЖТ кітапшаларын қолдану мәселесінің ұзақ уақыт бойы реттелмей келгені белгілі. Қазақстан Республикасы жасаған бастама арқасында үстіміздегі жылдың 29 мамырында ЕАЭО Үкіметаралық Кеңесінің ЕАЭО аумағында ХЖТ Конвенциясы әрекет жасауын қамтамасыз ету туралы Өкіміне қол қойылды.

«Сонымен бірге қазірде транзит және тіпті Қазақстанға тауар әкелумен арадағы түйткілдер автотасымалдаушылардың ғана емес, темір жол тасымалдаушылары мен импортшылар мүддесін де қозғап отыр», - деп мәлімдеді ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы. Қазақстандық бизнесмендерге жиі ұшырасуы мүмкін мәселе қандай? Біріншісі – бұл қазақстандық жүктің РФ аумағымен транзиті кезінде ХЖТ кітапшаларын қолданбау, екіншісі – «санкциялық» тізім ықпалына жататын қазақстандық жүктердің бірнеше мәрте толық кедендік тексермелеуден өтуі, және де, үшіншісі, Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың қазақстандық жүктерді Беларусь Республикасы өткізу бекеттері арқылы ЕАЭО сыртқы шекарасымен транзитіне тыйым салуы.

«Ресейлік тарап енгізіп отырған шаралар нәтижесінде отандық кәсіпкерлер қайта өңдеу үшін импорттық шикізатты жеткізіп беру жөніндегі тысқары ұйым қызметіне де, ресейлік уақытша сақтау қоймаларында тауар сақтау, тауарды тексеруге тиеу және түсіру бойынша қосымша қызметтерге де ақы төлеуге мәжбүр болып отыр. Қосымша қаржылай шығындар өз кезегінде ақтық өнім құнына әсерін тигізсе, тәжірибеде отандық кәсіпкерлерді Одаққа мүше мемлекеттердің осыған ұқсас кәсіпорындармен тең емес бәсекелестік жағдайға қалдыратын ахуал қалыптасып отыр», - деді Дана Жүнісова.

ҰКП аталмыш мәселелерді ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдары деңгейінде, ЕАЭО, ЕЭК Кеңесінде, БАҚ-та бірнеше рет көтерді.

«Алайда жағдай шешусіз қалып отыр. Бұл Қазақстандағы тасымалдаулар көлеміне кері әсерін тигізіп, болашақта халықаралық автомобиль тасымалдарының отандық нарығынан айрылып қалу және жүктерді темір жол көлігімен тасымалдаудың қысқаруы сияқты салмақты салдарларға ұрындыруы мүмкін», - деп мәлімдеді Ұлттық палата өкілі.

Интеграция жағдайындағы тағы бір маңызды тұс мемлекеттік қолдау мәселесі болып табылады. Дана Жүнісованың пікірінше, ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік қолдау көлемі жайлы ақпарат ашық болуға тиіс.

Оның айтуынша, бүгінде әлемдік жағымсыз факторлар жағдайында экономиканың басты салаларын субсидиялау отандық өндірушілерді қолдау құралы ретінде ерекше мәнге ие.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Одаққа мүше мемлекеттерде қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау және реттеу шаралары аясында ұсынылатын субсидиялар көлемінің төмендеу тенденциясы орын алмаған. Сонымен бірге субсидиялаудың түрлі деңгейлері экономиканың түрлі салаларындағы бәсекелестік жағдайына тікелей әсерін тигізетінін шамалаған дұрыс», - деп ескертіп өтті «Атамекен» ҰКП өкілі.  

Ол сонымен бірге «аталмыш бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын» атап өтті. Сонымен, қазірде Комиссияның спецификалық субсидиялардың ұйғарылуы мен ұйғарымсыздығы жайлы шешім қабылдауына негіз болатын критерийлерді дайындау тәсілдері қаралуда.

«Мемлекеттік қолдау көлемінің, шын мәнісінде трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік жасайтын кәсіпорындардың мүмкіндіктерін айтарлықтай бұрмалауы мүмкін екенін назарға ала отырып, аталмыш ақпарат ашық әрі қолжетімді болуға тиіс деп есептейміз. ЕАЭО бойынша серіктестеріміз тең әрі адал бәсекелестікке дайын деген сенімдеміз», - деп түйіндеді Дана Жүнісова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер