«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шетелдік инвесторлардың тартымды жобалары

2015 жылғы 22 Қазан
- Маңғыстау облысы
13103 просмотров

Румындық компания Ақтауда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және үнемді де ыңғайлы баспана салу зауытын тұрғызбақшы

«INCONEX-COM» Өнеркәсіптік-құрылыс холдингі голландтық ірі «BETONIQ» құрылыс компаниясымен серіктесе отырып, Маңғыстау облысында мазутталған топырақты бейтараптау және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, сондай-ақ қолжетімді баспана зауытын салуды жоспарлауда. Шетелдік компаниялар өкілдері ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті. 

«INCONEX-COM» өнеркәсіптік-құрылыс холдингінің даму жөніндегі вице-президенті Василий Друмя атап өткендей, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыспен бірге холдингке кіретін компаниялар тобының бірі қатты тұрмыстық және мұнай-химия қалдықтарын қайта өңдеу саласындағы кәсіпорын болып табылады. Компанияның штаб-пәтері Румынияның астанасы – Бухарест қаласында орналасқан. Холдинг жобаларын Таяу Шығыста, Африкада және бірқатар еуропалық елдерде табыспен жүзеге асыруда.

«Қоршаған ортаны қорғауға қатысты, мазуттанған топырақты бейтараптандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері бойынша «ӨзенМұнайГаз» АҚ басшылығымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен, қайта өңделген қоқыс және мұнай шламдары түріндегі балама отын түрлерін енгізу және кәдеге жарату бойынша жоба зерттемесі бұрыннан жасалып қойған «КаспийЦемент» - HeidelbergCement цемент зауытының Қазақстандағы бас директорымен кездестік. Өкінішке орай,аталмыш жоба цемент зауыты үшін сәтсіз болып табылады, себебі олар цемент өндіру саласына маманданған. Осыған байланысты, ынтымақтастығымыз пайдалы болады деп есептеймін. Ақтауды кездейсоқ таңдап отырған жоқпыз, өйткені мұнда мұнай-газ кен орындары көп, құрылыс жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр. Біз қызметімізді ұсынамыз және жемісті ынтымақтастыққа сенеміз», - деді «INCONEX-COM» өнеркәсіптік-құрылыс холдингінің даму жөніндегі вице-премьері.

Инвесторлар жүзеге асырмақшы болып отырған тағы бір жоба қолжетімді бағамен тұрғын үйлер салуға байланысты. Көптеген маңғыстаулықтардың қолжетімді баспанаға зәру екені құпиы емес. Баспана құны бүгінде, өкінішке орай, айтарлықтай жоғары. «INCONEX-COM» холдингі құрылыс материалдарының энергия үнемдеуші түрлеріне назар аудара отырып, мүлдем жаңа технология бойынша үй салуды ұсынады.

«INCONEX-COM» өнеркәсіптік-құрылыс холдингі «BETONIQ» құрылыс корпорациясы дайындаған технологияны қолданады. Корпорация жабдықтарының бір бөлігі Германияда өндіріледі, каркастық арматурадан бастап, бетон құюға дейін, және де күллі оқшаулану толығымен автоматтандырылған. Үйлер панельден жасалады. Ұсынылып отырған технология жаңалық емес. Алайда жылуды оқшаулауға арналған материалдардың электр қуаты мен жылуды үнемдеуге мүмкіндік беруімен ерекшеленеді. Яғни бұл ыңғайлы, шу естілмейтін, сыртынан сәндік панельдермен қапталған үйлер. Егер бір үйдің құрылысын сөз етер болсақ, онда 100 шаршы метрді бір-ақ күннің ішінде салып шығуға болады.

«INCONEX-COM» холдингі Қазақстанның құрылыс нарығына кіріп, қымбат баспана салып жүрген ірі компаниялардың мүдделеріне қайшы келмекші емес, компанияда баспананы белгілі бір адамдар санаты үшін, орта топтағылар мен одан төмендерге арналған арзан үй салуға дайын екендерін айтуда. Келісуге қол жеткізілсе, инвесторлар құрылыс материалдарын әкелуге ғана уәде береді, ал жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бәрі де жергілікті атқару органдарымен жасалатын келісімшартқа байланысты. Әкімдік өкілдері қонақтарға Ақтау қаласының бас жоспарын көрсетіп, үй құрылысын бастауға болатын бос жатқан жер телімдерімен таныстырды.  

Кездесуге қатысқан «BETONIQ» корпорациясының өкілі Тюн Ван Самбик Сенегал, Намибия және Гана сияқты шағын елдерде әлеуметтік баспана салынып жатқан Африкадағы жүзеге асырылатын жобалар интеграторларының бірі болып табылады. Ол тараптардың тіл табысатынына және Маңғыстау облысының аумағында бірлескен жобалар жүзеге асыра алатынына сенімді. 

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев өз кезегінде қонақтарды келесі жолы өңір мүмкіндіктерін барынша зерттеу үшін, бірнеше күнге келуге шақырды және тараптардың келіссөздер үстеліне отыратынына сенімділік білдірді.

«Палата алаңында түрлі секторлардағы қызықты жобаларды ұсындыңыздар. Бұл өңіріміз үшін салмақты өсу нүктелері. Біз серіктестікке бет алып отырмыз. Алда нақты бастамалар мен жобалар төңірегіндегі егжей-тегжейлі әрі мәндік жұмыс тұр деп ойлаймын», - деп қорытты Жаңбырбай Доспаев кездесуді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер