«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алтын сапа: Егіншілік кәсібін ерекше меңгергендер

2015 жылғы 20 Қазан
9796 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы «Мәмбет» шаруа қожалығын республикалық «Алтын сапа» байқауына қатысушылар қатарына қосты

Еліміздің аграрлық секторында соңғы жылдары азық-түлік тәуелсіздігін қалыптастыруда, бәсекеге қабілеттілікті көтеруде, саланы технологиялық қайта құрылымдауда жағымды тенденциялар байқалуда.

Мал басы мен құстар санының, сәйкесінше ет пен сүт өнімдерінің тұрақты өсуі байқалуда. Бұл ауылдық тауар өндірушілердің белсенді еңбегінің, мемлекеттің жүйелі түрдегі қолдауының, үнемі жетілдіріліп тұратын субсидиялау, кредиттеу, сонымен бірге техниканы лизингілеу механизмдерінің нәтижесі еді.

Көкпекті ауданындағы қала түзуші ең ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілердің бірі «Мәмбет» шаруа қожалығы болып табылады. Қожалық 1993 жылдың сәуір айында бар-жоғы 30 гектар аумақты құрайтын «Мариногорский» совхозы мен Маяк телімінен тұратын жерде ұйымдастырылған. Шаруашылық біртіндеп егіс алаңдарын, жер телімдерін, шабындықты кеңейте береді.

Алғашқы қадам жасай бастағаннан мәмбеттіктер өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді игеруге бағыт алады. 1998 жылы кәсіпорын Самара Аудандық тұтыну қоғамының өндірістік базасын иеленіп, етті баспалағыш, жармалағыш, диірмен қондырғысын сатып алды, және де жеке өзінің әрі алыс-беріс шикізатын пайдалана отырып, ауданды күнбағыс майымен, ұнмен, жармалармен қамтамасыз ете бастады. 2005 жылы шаруашылық тәулігіне 7 тонна өнім шығаратын тары, арпа жармасын, ақталған арпа, бұршақ пен кебек өндіретін жармалағыш цехты іске қосты. Шаруашылық егістік бидайға ие бола отырып, тәулігіне 25 тоннаға дейінгі дайын өнім беретін диірмен орнатты. Диірмен жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұн, қарабидай ұнын, кебек өндіреді. Кәсіпорын құрылымында тәулігіне 14 тонна өнімділікті нан зауыты әрекет ете бастады. Ол бүгінде нан және нан-тоқаш өнімдерінің 14 түрін шығарады. 2014 жылы тоқаштар жасайтын жабдық сатылып алынды.

«Биыл үлкен күш салып жартылай автомат-кептіргіш (Украинада жасалған) орнатып алдық. Ол 1 сағатта 2 тонна өнім шығарады. Бұл өнім барлық нан-тоқаш өнімдерімен бірге сатылады, - дейді Есембек Дәлелұлы. – Жабдық әзірше толық қуатымен жұмыс жасамайды. Онда үш адам еңбек етеді».

«Мәмбет» шаруа қожалығының басқа кәсіпорындардан басты айырмашылығының бірі өнім мен шикізат сапасын тексеретін жеке зертханасы болып табылады. Осылайша, «Мәмбет» шаруа қожалығын толық негізде жоғары мәдени егіншілік кәсіпорны деп атауға болады. Шаруашылық басшысы Есембек Дәлелұлы ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және өндірудегі заманауи технологияларды енгізіп жүрген инноватор болып табылады. Канадада жасалған Бюллер-Морисс егістік кешені, ылғал-ресурс үнемдеуші технология қолданылады. Шаруа қожалығының жеке өнімі фирма таңбасы соғылған орамаға салынады, ал арпа жармасы, жарылған бұршақ, өңделген тары мен күнбағыс майының орамаларына жеке код штрих соғылады. Шаруашылық 2007 жылдың желтоқсан айында «GSLKAZAHSTAN Автоматты сәйкестендіру қауымдастығының» мүшесі атанды. Бұл оған GSL халықаралық жүйесінде берілген нөмірді қолдануына құқық береді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ет және сүт өнімдерін өндіруді дамыту үшін, олардың шикізат базасы мен қайта өңделген өнім экспортын дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту қажеттігі аталған. Бұл жөнінен «Мәмбет» шаруа қожалығы мал шаруашылығымен белсенді түрде айналысады. Онда басым үлесті қой шаруашылығы құрайды – шамамен 1600 бас байыс тұқымдас жартылай қылшық жүнді қой мен 100-ден астам жылқы бар. Мал шаруашылығы бағыты малды ұстауға арналған арнайы базалармен, жеткілікті мөлшердегі азықпен, азық дайындауға, жеткізуге және сақтауға қажет техникамен қамтамасыз етілген.

Шаруашылық өндірісін дамытудағы жағымды тенденциялармен қатар Есембек Дәлелұлы кейде қолдан жасалатын түйткілдерді де жасырмады. Ол мал шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде жасалатын тосқауылдарды жайып салды. Облыс орталығындағы жеке меншік ет базарларының иелері өз ережелерін алға тартып, бөлме-жайды жалдау, зертханалық деректер үшін тым жоғары баға қояды. Тауар өндірушілер құқығына қысым жасай отырып, олардың маңдай терімен келген табысынан пайдаға батуда. Өнімді ауылдан тыс жерге апаруға қажет құжаттарды ресімдеу үшін жинайтын қағаздар қаншама. Және де бұл жалғыз «Мәмбет» шаруашылығының ғана басындағы түйткіл емес сияқты. Ол облыс басшылығы деңгейінде шешілуге тиіс.

«Бүгінгі таңда күнбағыстан басқа астық және зәйтүн тұқымдас дақылдар жиналып қойған.  Биылғы өнімділік орташа болды. Малды қысқы қора күтіміне дайындап жатырмыз. Жақын арада А-80 бензинінің болмайтыны да ерекше алаңдаушылық тудырады. Оның орнын алмастыруға және біртіндеп жоюға арналған бағдарлама болуға тиіс шығар», - деп баса көрсетті шаруашылық басшысы.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға байқау өткізетіні жайлы хабарлайды. Аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Мұқашеваның айтуынша, биыл олар «Мәмбет» шаруа қожалығын «Алтын сапа» республикалық байқауына қатыстыруды бастамалаған. Осындай беделді байқауға қатысуға негіздемелері де жетерлік, және де барлық құжаттары тапсырылды. Жаңа биіктерді бағындыру жолында, алға қойған мақсаттарды орындауда шаруашылық басшылығы мен ұжымына зор табыс тілейміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер