«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП отандық шынжыр табанды бульдозер импорттаушылардың қарап қалмауын сұрайды

2015 жылғы 19 Қазан
9840 просмотров

Шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты демпингке қарсы шаралардың енгізілуі туралы мәселе ЕЭК Алқасының кезекті отырысында қаралмақшы.

Еуразиялық экономикалық комиссия ресейлік өндірушілер бастамасымен 2014 жылғы 2 шілдеден бастап үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін Қытайда өндірілген шынжыр табанды бульдозерлердің (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8429 11 009 0) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге импортына қатысты демпингке қарсы тергеу жүргізді. Тергеу барысында демпингтік импорттың болу дерегі анықталып, оның қорытындысы бойынша шынжыр-табанды бульдозерлерді өндіруші компанияға қарай 9,65%-44,65% аралығындағы мөлшерде 5 жыл мерзімге демпингке қарсы баж енгізу ұсынылып отыр.

Анықтамалық:

  • Shantui Construction Machinery Co., Ltd компаниясы үшін - 11,31%;
  • Shanxi Zoomlion Heavy Industry Science & Technology Machinery Co., Ltd компаниясы үшін - 13,80%;
  • Xuanhua Construction Machinery Co., Ltd компаниясы үшін - 9,65%;
  • Tianjin Liugong Machinery Co., Ltd компаниясы үшін - 44,65%;
  • басқа да өндірушілер үшін - 44,65%.

Бұл шара импорттаушылардың аталмыш бульдозерлерді әкелу кезінде тауар құнынан 5% мөлшердегі кедендік бажды төлеуіне тура келетінін және оның үстінен тауар құнынан 9,65%-44,65% аралығындағы мөлшердегі демпингке қарсы бажды төлеуге тиіс болатынын білдіреді. Осылайша, Қытай бульдозерінің құны Қазақстанда 50% қымбаттауы мүмкін.

Шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты демпингке қарсы шаралар енгізу туралы мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кезекті отырысында қаралатын болады. Тараптарда экономикалық тұрғыдан негізделген ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда аталмыш шара қабылданады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен бірге мұндай шараның ақтық тұтынушыға кері әсер тигізеріне алаңдаушылық танытып, отандық шынжыр табанды бульдозерлер импорттаушылармен байланысқа шығуға бірнеше мәрте талпынды, алайда бүгінгі күнге дейін сәйкес кері байланыс орнаған жоқ.

Осыған орай аталмыш мәселе жөнінде ескертулер туындаған жағдайда, сонымен қатар отандық тұтынушылар жайлы ақпарат болған жағдайда «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне жүгінуді сұраймыз.

Байланыс ақпараты: Әбсадықов Айқожа – «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің сарапшысы. Тел.: 8(7172) 919-373. E-mail: a.absadykov@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер