«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инновацияларға берілген гранттар

2015 жылғы 19 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
11302 просмотров

Риддер қаласының кәсіпкерлері бизнесті дамытуға гранттар алды

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Риддер филиалында сертификат тапсыру салтанаты өтті.

«Өңірімізде ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінеді, себебі қала алдында тұрған міндет – Риддердің маңайында қауіпсіз азық-түлік аймағын құру», - деп атады ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Риддер қаласындағы филиалының директоры Василий Русин.

Оның айтуынша, аталмыш гранттық қамсыздандыру моноқалаларды дамытуға арналған. Қаражат инновациялық жобалары бар әрі байқау жеңімпазы атанған кәсіпкерлер арасында бөлінеді. Биылғы жылы Риддер қаласына 12 миллион теңге бөлінді. Кәсіпкер 3 миллион теңгеден аспайтын сомадағы грантты иелене алады. Бизнесмендер байқауға 10 жоба ұсынды. Оның ішінен бес жоба жеңімпаздар қатарынан табылды. Жобаларды қарайтын комиссияның алғаш рет облыс деңгейінде құрылғанын атап өту керек. Өткен жылдары қалалық болған еді.

Жеңімпаздар арасында Риддер үшін маңызды ауыл шаруашылық және туризмді дамыту жобалары баршылық: «Сүт қабылдайтын орын құрылысы», «150 бастық сүтті-тауарлы ферманы қайта қалпына келтіру», «Экотуризмді, соның ішінде «Қара Оба» мекенінде орнитологиялық туризмді дамыту және дәріптеу». Сонымен қатар тағы екі қызықты жоба - «Мобильдік планетарий: жылжымалы жұлдызды бизнес» және «Түрлі бағыттағы оқу орталығының қызметі».

Кездесу соңында бизнес-мектеп тыңдаушыларына «Жобалық сүйемелдеу» курсы бойынша сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар «Заря» шаруа қожалығына «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 15,5 миллион теңге бөлінді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер