Бурабайда ТМД саммиті және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді
Ақмола облысындағы Бурабай шипажай кентінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының Кеңесі мен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырыстары өтеді.
Алдағы ТМД саммитінің күн тәртібі жобасына 17 мәселе енгізілген. Атап айтқанда, БҰҰ құрылуының 70 жылдығы, Чернобыль Атом-электр станциясында орын алған апаттың 30 жылдығына байланысты, халықаралық лаңкестікпен күрес туралы ТМД басшыларының мәлімдемелерін қабылдау жоспарланып отыр. Бірқатар мәселелер әскери және шекара маңындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналады деп күтілуде. Сонымен қатар кадрлық мәселелер қаралады.
Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесте мемлекет басшылары халықаралық қызметтің негізгі бағыттарын, ЕАЭО экономикалық дамуын, орта мерзімдік келешектегі негізгі серіктестермен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға деген тәсілдерді талқылайды деп болжануда. Сонымен қатар президенттерге ЕАЭО-ға жаңа мүшелерді қабылдау және одаққа мүшелікті тоқтату тәртібін, сондай-ақ Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді бастау туралы мәселелерді қарау ұсынылады. Сонымен бірге күн тәртібінде бірқатар ұйымдастыру мәселелері тұр.
Саммитке қатысушыларды бес жұлдызды Rixos Borovoe қонақ үйі қабылдайды.
Жанар Сердалина
Пікір қалдыру:
Пікірлер: