«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өнеркәсіптік кәсіпорындар шығындарының орны толтырылады

2015 жылғы 15 Қазан
9628 просмотров

«Өнімділік-2020» Бағдарламасы бойынша отандық бизнеске арналған қолдау шаралары көзделген

Аталмыш бағдарлама аясында өнеркәсіптік кәсіпорындар мына жағдайларда болған шығындардың өтемін ала алады:

  • лизингілік қаржыландыру алу үшін кешенді жоспар дайындауда -50%, бірақ 2 млн. теңгеден артық емес;
  • Индустрияландыру картасы жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайындауда және/немесе сараптамадан өткізуде - 50 %, бірақ 15 млн. теңгеден артық емес (Бағдарлама операторына өтінім берген күнге дейінгі 12 айда келтірілген шығын өтеледі);
  • кадрларды оқытуда, сонымен бірге шетелде (біліктілікті көтеру, оқыту, қайта даярлау, инженерлік-техникалық қызметкерді, топ-менеджерлерді машықтандыру) - 40%, бірақ 2 млн. теңгеден артық емес (Бағдарлама операторына өтінім берген күнге дейінгі 6 айда келтірілген шығын өтеледі); 
  • шетелдік мамандарды тарту - 40%, бірақ 9 млн. теңгеден артық емес (Бағдарлама операторына өтінім бергенге дейін 12 айда келтірілген шығын өтеледі);
  • кәсіпорында техникалық диагностика жүргізуде – 50 %, бірақ шағын және орта кәсіпорындар үшін 8 млн. теңгеден артық емес, ірі кәсіпорындар үшін 16 млн. теңгеден артық емес (Бағдарлама операторына өтінім берген күнге дейінгі 6 айда келтірілген шығын өтеледі);
  • ақпараттық технологиялар саласында технологиялық аудит, энергоаудит, консалтинг жүргізуде,  инженерлік ойлар мен шешімді даярлауда, жаңа конструкциялар, технологиялар, жабдықтар іздеуде және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындауда, өнімді өндіру және өткізу процесінің қалыпты жүрісін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару бойынша қызметтерге, өнеркәсіптік дизайынды дайындауға – 40%, бірақ 30 млн. теңгеден артық емес (Бағдарлама операторына өтінім берген күнге дейінгі 6 айда келтірілген шығын өтеледі);
  • жоспар дайындауда және прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуде (басқарудың автоматтандырылған жүйелері, энергия тиімді және жасыл технологиялар, жобаларды басқару стандарттары, Lean, Кайдзен, ТРМ, ERP, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым стандарттары (ISO), жобалау менеджменті, зерттеулер, зерттемелер мен инновациялар, ақпараттық технологиялар, энергия және эко менеджмент) – 40%, бірақ 5 млн. теңгеден артық емес (жоспар үшін) және 15 млн. теңгеден артық емес (енгізгені үшін)  (Бағдарлама операторына өтінім берген күнге дейінгі 6 айда келтірілген шығын өтеледі).

Бағдарламаға қосымшаға сәйкес, Бағдарламаға экономиканың басымдылықты секторында кем дегенде 1 жыл қызмет етіп жүрген кәсіпорындар қатыса алады.

Лизингтік қаржыландыруды және лизингтік қаржыландыру үшін кешенді жоспар дайындауға кеткен шығынның бір бөлігінің төлемін экономиканың жоғарыда аталған секторларында қызметін жүргізіп жатқан барлық кәсіпорындар алады (start – up жобаларды қосқанда).

Бағдарлама жөніндегі материалдар (нормативтік құқықтық құжаттар, презентация және т.б.) «КИДИ» АҚ ресми www.kidi.gov.kz сайтында орналастырылған.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер