«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Су қалай ақты?

2015 жылғы 12 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
14209 просмотров

Петропавл қаласында кәсіпорын мен қалалық су арнасы арасындағы қақтығысқа су себеп болған.

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына «Алтын Серьга» ЖШС директоры Сергей Полторак «Қызылжар су» ЖШС-мен арада туындаған қақтығысты жағдайды қарауды сұрап жүгінді. Өтініштен белгілі болғандай, 18 тамызда қалалық су арнасы бақылаушысы су өлшегіштен кезекті мемлекеттік тексеріс үшін пломбаны алу кезінде су өлшегіш алдындағы су құбырына орнатылған сүзгіш пломбасындағы сымның үзіліп қалғанын көреді. Дәл сол күні аталмыш мән-жай көрсетілген акт жасалады да, 4 қыркүйекте «Алтын Серьга» ЖШС 53869 теңге сомасын төлеуге шот алады.

«Қызылжар су» ЖШС берілген шот негіздемесінде ҚР Құрылыс істері және ТКШ жөніндегі агенттік Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі №354 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесі» бөлімінің 4 тармағына сілтеме жасайды. Әдістемеге сәйкес, пломбаның бүлінуі суды тәулік бойы су құбырының толық қимасымен айқындалатын барынша көп көлемде тұтынуға теңестіріледі. Сонымен бірге Әдістемеде суды мұндай көлемде физикалық түрде қолдану дерегін белгілеуге қандай да бір сілтемелер жоқ. Негізінде, айыппұл жазалары суды бақылаусыз төгу туралы болжамға қарай қолданылады. «Қызылжар су» ЖШС істі комиссиямен қарау туралы өтінішімізді қабылдамай, су-техникалық бақылау бөлімі бастығының сөзінше, мұндай комиссияны қысқарту жайлы мәлімделді», - делінген «Алтын Серьга» ЖШС өтінішінде.

Қалалық су арнасы сонымен қатар шарттың талаптарын желеурете отырып, шот төленгенше су өлшегішті пломбалаудан бас тартып отыр. Ал қолданыстағы шартта ондай тармақ болмаған. 

Бизнесмен мұндай шешіммен келіспей, СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшыларына жүгінді. Аталмыш мәселені «Қызылжар су» ЖШС-мен бірге қарау нәтижесінде ымыраға қол жеткізілді. Бұрын мәлімделген айыппұл сомасы төмендетілді. Сөйтіп, 27 мың теңге үнемделді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер