«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Темір Тұлпар НТ» компаниясы «Атамекен» Ұлттық палатасына алғыс айтады

2015 жылғы 12 Қазан
7442 просмотров

Өткенде ғана қысым көрген тасымалдаушы 6 бағытқа қызмет көрсетіп жүр. Компаниядағылар жағдайдың шешімін тапқанын айтуда

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың атына алғыс хат келіп жетті. «Кәсіпорнымыз өте ауыр жағдайда қалған сәтте, құқығымызға қысым жасалған кезде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қарап қалмады. Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің күшімен кәсіпорнымыз қиындықты жеңіп шықты. Сізге көрсетілген қолдау үшін алғыс айтамыз. Савеленко Олег Владимировичті (аталмыш департамент директоры - авт.еск.) ерекше атағымыз келеді. Сізге кәсіпкерлер құқығын қорғау сияқты қиын істе табыс тілейміз!», - делінген хатта.

«Темір Тұлпар НТ» ЖШС директорының орынбасары Жомарт Молдахметовтың айтуынша, қазір тасымалдаушы жұмысына кедергі жасалып жатқан жоқ. «№38 және №2 бағыттарға қызмет көрсету құқығын алдық. Осылайша, қазір №34, №38, №2, №48, №64 және №103 біздің қызмет аямызда. Оның төртеуінде байқау 4 қыркүйекте өтті. Оны жеңіп шығып, жолаушылар көлігі басқармасымен шарттар бойынша 4 бағытқа қызмет көрсетіп жатырмыз. Ал 34 және 103 бағыттарына әзірше тапсырма бойынша, яғни байқаусыз қызмет көрсетіп жатырмыз», - деді ол.

«Жалпы, жағдай шешімін тапты. Бұл мәселедегі сіздер көрсеткен көмек елеулі болды деген ойдамын, себебі ол сәтте біздің құқығымызға ерекше қысым жасалған еді», - деп жалғады сөзін Жомарт Молдахметов.

Бірнеше ай бұрын Ұлттық кәсіпкерлер палатасына құқығы бұзылғанын және бірқатар бағыттардың заңсыз алынып қойғанын мәлімдеген «Темір Тұлпар НТ» автопаркінің өтініші келіп түскенін еске саламыз. Осыдан соң Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторинг жүргізіп, әкімдік тарапынан болған заңсыз әрекеттер дерегін анықтады. ҰКП Астана қаласы прокуратурасы мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетке жүгінді. Тасымалдаушылармен арадағы шарттарды бұзудың заңсыздығы жайлы ақпарат расталды. Прокуратура прокурорлық жауап қату актілерін шығарып, жолаушылар тасымалы басқармасының аталмыш хабарламаның күшін жоюын, сонымен қатар тасымалдаушылармен азаматтық-құқықтық қатынастарды жаңғыртуды талап етті. Бұл орындалған жоқ. Дегенмен, 30 маусымда бағыттар ұтысына тендер өткізілді. Ұзақ күрестен кейін ақырында Ұлттық палата күшімен тасымалдаушыға бірнеше бағыт қайтарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер