«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа Еңбек кодексі – ҚР инвестициялық тартымдылығын жақсартуға жасалған қадам

2015 жылғы 09 Қазан
10440 просмотров

Халықаралық жұмыс берушілер бірлестіктерінің үйлестіру кеңесіне қатысушылар Қазақстанда инвесторлар үшін қызығарлық жағдай жасалғанын сөз қылды

ХЖБҮК кезекті отырысы Астанада өтті, себебі өткен жылы Қазақстан Кеңестің төрағасы болған еді. Бүгін ҰКП мен ҚР Жұмыс берушілерінің конфедерациясы аталмыш өкілеттікті Болгарияға табыстады.

Жалпы, отырысқа қатысушылар әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі тәжірибемен алмасып, елдеріндегі осы салаға енгізілген жаңалықтар жайлы сөз қылды.

«Мұндай іс-шаралар бізге өте қажет, себебі өзімізді басқалармен салыстырып, басқа елдердің ең үздік тәжірибесін алуымыз керек. Қазір, мәселен, Болгариядан келген қатысу өте қызықты дүниелерді сөз етті. Олар әрбір өңірдің инвестициялық тартымдылығына рейтинг жүргізеді: инвестициялық тартымдылығы өте төмен деңгейдегі губернаторлар лауазымдарынан бас тартады. Бұл жұмысты жұмыс берушілер жүргізеді, баға береді. Елдің Үкіметі бұған аса салмақпен қарайды», - деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Ол сонымен қатар Ресей Федерациясының адами капиталды дамыту, дуалды білім беру саласындағы тәжірибесін атап өтті.

«Ресейде жұмыс берушілер мамандардың біліктілігін көтеру жөніндегі кеңес құрды, және де онда кәсіптік стандарттарды дайындау бойынша аса көлемді жұмыс жүргізілуде. Үкімет өкілдерінің осы тәжірибеге көз жүгірткенін қалаймыз, себебі біз де кәсіптік стандарттарды тікелей жұмыс берушілер, салалық қауымдастықтар дайындауға тиіс деген мәселені бірнеше рет көтерген едік. 2016 жылдан бастап осындай жүйеге көшетініміз жайлы шешім қабылданған сияқты. Бұл өте салмақты серпін болады деп ойлаймын, себебі бүгінде кәсіптік стандарттарды, өкінішке орай, көбіне бұл жөнінде хабары жоқ, түсініксіз консалтингілік компаниялар дайындап жатады», - деп мәлімдеді ҰКП өкілі.

«Осында отырған әріптестер Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының аса жоғары екенін мойындады. Үкіметтің шетелден инвестициялар тарту аясында қолданып жатқан шаралары өте салмақты. Бұл жағынан Қазақстанға қызығуға да болады деген сөздер де болды», - деді Нұржан Әлтаев.

Ол сонымен бірге соңғы кездері жасалған зейнетақы аударымдары, медициналық сақтандыру бірқатар реформалардың, сонымен қатар салық заңнамасындағы өзгертулердің «Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жақсартпайтынын» атап өтті.

«Жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкешілігі бар екені түсінікті. Олар адами капиталға салым жасау қажеттігін түсінеді. Кәсіпорындар бұл жағынан шығын шегеді. Бірақ дәл қазір, әлемдік экономикадағы тұрақсыздық жағдайында бұл жүктеме сезілетін болады», - деп жалғады сөзін Ұлттық палата өкілі.

Нұржан Әлтаев сонымен қатар жаңа Еңбек кодексінің инвесторлар алдындағы Қазақстанның имиджіне оң әсерін тигізетінін баса көрсетті.

«Егер бұрындары бәрі де ерекше қатты реттемеленіп, жұмыс берушінің аяқ-қолы матаулы болған болса, тіпті ұқыпсыз қызметкерлерін жұмыстан шығарып немесе жауапкершілікке тарта алмаған болса, ендігі жерде Жаңа еңбек кодексінде шешім қабылдау ұжымдық шарттар деңгейіне түсіріледі. Онда кәсіподақтар мен жұмыс берушілер келісетін болады. Мұны инвестициялық тартымдылыққа жасалған тағы бір қадам деп есептейміз», - деп қорытты ол.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер