«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сертификаттарды тексеру

2015 жылғы 09 Қазан
10718 просмотров

«Атамекен» ҰКП кәсіпорындарда қазақстандық мазмұн болуына ішкі аудит жүргізді

Сөйтіп, Ұлттық палатаның сараптау комиссиясы «Қазақстан темір жолы» АҚ үшін шай ішуге арналған жинақтарды өндірумен айналысатын «Шалқар-2011» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып қайтты. ҰКП Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының «Шалқар-2011» ЖШС «шай жинақтары» тауарына «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру дерегі бойынша ішкі аудит жүргізді.

Тексеріс көрсеткендей, шай жинақтарын шығару өндірістің технологиялық схемасына толық көлемде сәйкес келеді.

Сараптау комиссиясы жүргізілген ішкі аудит нәтижелері бойынша «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттың заңдылығы жайлы шешім қабылдады.

ҰКП Павлодар облысының Екібастұз қаласында Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берген «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатқа ішкі аудит жүргізді. Зауытта республикалық индустрияландыру картасы аясында стрелкалық аударымдар мен темір жол доңғалақтары шығарылады.

Сараптау тобының құрамына Машина жасау одағының өкілдері, «Ақ жол» партиясының мүшелері, ҰКП мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кірді. 

Сараптау комиссиясы өндірістік базаның, технологиялық жабдықтың болуын және тауардың сыртқы белгілері, таңбалануы бойынша (атауы, типі, орамасы, санаты, әзірлеуші кәсіпорын) сәйкестігін тексеру үшін өндірісті тексеріп шықты.

Сарапшылар атап өткендей, өндірістің технологиялық процесіне әсерін тигізетін бұзулар, сонымен қатар нормативтік-техникалық құжаттаманы бұзулар анықталмаған.

«Проммашкомплект» ЖШС темір жол өнімдерін өндіруді және өткізуді құрылтай құжаттарына және ұсынылған технологиялық процеске сәйкес жүзеге асырады.

Сараптау комиссиясы «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдаланылып жүрген нормативтерді өзектендіруді және қызметкерлердің біліктілігін көтеру бойынша оқытудың уақытында өткізілуін қамтамасыз етуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер