«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Доллардың және біздің күніміз не болады?

2015 жылғы 08 Қазан
10125 просмотров

Қазанның алғашқы он күндігі «273» белгісінде тұрып қалған доллар-теңге бағамын қызу талқылаумен ерекшеленді. Әлеуметтік желілер шуылдасып, БАҚ сарапшылар мен «халықтық экономистер» сөздерін жапа-тармағай келтіруде. Болжамдар бірінен бірі өтеді. Шын мәнісінде доллар бағамының төңірегінде не болып жатыр, және де бизнес пен халық үшін қандай салдарға әкеледі? «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының Төрағасы Абылай Мырзахметовтың осы сауалға жауап беруін сұраған едік.

Абылай Исабекұлы, соңғы кездері Палатаға тағы да БАҚ пен әлеуметтік желілер назары түсіп жүр. Бұл жолы ішкі нарықтағы экспорттаушы компаниялардың валюталық түсімін сату туралы ұсынысқа орай

- Соңғы екі аптада сараптау қоғамдастығында және БАҚ-та талқылаулардың қыза түскенін айта кетейін. Және де Келімбетов мырзаның кешегі сөзі осы талқылауларлы азайтуға талпыныс деп бағалауға болады. Бәрі бұрынғыша өтті. Қайрат Нематұлы білікті сарапшылардың қатысуымен салмақты талқылауды талап ететін мәселелерді монолог формасында талқылайды.

Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның сөзі журналистің қойған сұрағына берген жауабындағы жалпы мәнмәтінінен бөлектеліп көрсетілді. Ол жерде сарапшы ретіндегі оның Ресей президентінің кеңесшісі Сергей Глазьевтің бастамасына қатынасы жайлы сөз болған еді. Ал Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев мұндай ұстанымды, нарықтық қатынастарға жауап бермейтіндіктен, жоққа шығарған болатын. ҰКП төрағасының орынбасары болса, мұндай механизмнің болуы мүмкін екеніне келісіп, сонымен бірге аталмыш мәселені экспорттаушы кәсіпорындармен талқылау қажет екенін баса көрсеткен еді…

- Ал бұған қатысты өзіңіздің ойыңыз қандай?

- Мен мұны анахронизм деп есептеймін. Бұл бұрынғы әміршіл-әкімшіл басқару заманына қайтып оралу. Мұндай механизм болуы ықтимал, бірақ тек екінші деңгейдегі банктер мен экспортшы-компаниялар арасындағы міндеттеусіз, «джентельмендік келісім» нысанында ғана. Одан артық ештеңе де емес… Жекелеген тұлғалардың сөздерін бөліп көрсетудің «ҰКП-ның көзқарасы» ретінде берілгенін қаламаймын. Бұл орынсыз нәрсе.

- Сонда да, қалыптасқан жағдайды қалай бағалайсыз?

- Оған қалай баға беруге болады? Сатып алу сұранысы төмендеуде. Теңге жиынының көлемі «сығылуда». Елдегі іскерлік белсенділік төмендеп барады. Ұлттық банктің ұғымды әрі нақты ұстанымының орнына екінші деңгейдегі банктермен арада болып жатқан шүйілістерді көріп отырмыз. Оларды біресе еш дәлелсіз алыпсатарлық операцияларына айыптаса, біресе қайдағы бір «қара тізімді» жариялаймыз, деп қорқытады. Ал банктердің жай ғана клиенттік өтінімдерді орындап жүргені түсінікті. Егер клиент теңгесі болса және шетелдік валютаны сатып алуға тілек білдірсе, банк неге одан бас тартуға тиіс? Әсіресе еркін бағам жағдайында, нарық валюта құнын айқындап отырғанда. Және де жұмбаққа толы хабарлама тарата отырып, шатастырудың не мағынасы бар. Ұлттық банктің банктерге қатысты жағымсыз қоғамдық пікір қалыптастыруға талпынысы – қауіпті тренд, деп ойлаймын.

- Бірақ инфляциямен күресу Ұлттық банктің қызметі емес пе

- Ұлттық банк теңге бағамы қалыптасуының нарықтық процесіне кейде араласа алатын шығар, араласуға тиіс те шығар. Бірақ әріптесім Эльдар Әбдіразақов жазып отырғандай: бағамның нарықтың қалыптасу жағдайындағы Ұлттық банктің қызметі – валюта бағамын айқындау емес, есеңгіреген күйді қалыпқа келтіру.

Осыған байланысты, Олжас Құдайбергеновтың айтулы дәстүрлерін жалғастыра отырып, Ұлттық банк басшылығына екі сұрағым бар. Егер бір доллар үшін 273 теңгені барабар бағам деп есептейтін болсаңыздар, осы барабар бағам есептеліп шығарылған формуланы жариялауға бола ма? Осы бағамның қалайша барабар деп анықталғанын көре алуымыз үшін, ұстынамдарды, әдіснамаларды, есептеулерді жариялап, Ұлттық банктің ресми сайтына қоюға бола ма? 

Біз байқап отырған екінші дүние. Теңгені нарықтық еркіндікке жібере отырып, ресми уәкілетті органның нақты ұстанымын қалай қалыптастыратынын, аталмыш бағамның қалай белгіленетінін көрсетіп, нарыққа белгі бере алмай отырғанына екі ай болды. Мұның бәрі жоққа тән. Теңге бағамы бойынша белгісіздік жағдайында бизнес өз қызметін жоспарлай алмайды. Ұлттық банктен айқын ұстаным талап етіледі.

Бизнеске белгіні Үкімет те беруге тиіс. Соңғы айда Үкіметтің экономикалық блогымен салықтық және тарифтік саясаттағы тұрақтылықты талқылап жүргенімізді атап өту керек. Аталмыш салалар экономикалық құлдырау жағдайында бизнес үшін маңызды. Экономикалық ведомстволармен белгілі бір келіспеушіліктерге қарамастан, біздің сөзімізге құлақ асылды. Премьер-министр барлық салық жаңалықтарын 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін шегере тұруға шешім қабылдады, және де 2016 жылғы 1 наурызға дейін барлық жаңа енгізілімдерді бірлесе отырып талқылауымыз керек.

Табиғи монополиялардың басты субъектілеріндегі тарифтер бойынша 2016 жылы оларды жекелеген монополист кәсіпорындар бойынша ғана инфляция шегінде - 4-4,5%-ға көтеруге шешім қабылданды. Бұл іскерлік белсенділікті сақтау үшін, бизнес үшін маңызды белгі. Осының бәрі – сындарлы сұхбат пен ымыра іздеудің нәтижесі.

Үкімет сонымен бірге мынадай шешім қабылдады: Yellow page қағидаттарына сәйкес көлемді жекешелендірулер жүргізу жолымен экономиканың бәсекелес секторларынан шығу. Сондай-ақ әлеуметтік ортада (білім беру, медицина, инфрақұрылым) МЖӘ құралдарын барынша тарту жоспарланып отыр. «Әркімдікі өзіне» қағидатының орнына кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мақсатында мемлекеттік субсидиялар саясатын реформалау процесі басталды.

Бірақ Үкіметтің осы күш салуы, Ұлттық банктің бағамдық және ақша-кредит саясаты айқындалмайынша, табысқа жете алмайды. Нарық тепе-тең жағдайды сезінбейінше, валюталық жайғасымдарды (депозиттерді) ұстаушылар теңгеге қайта келмейді. Ал Ұлттық банк теңге өтімділігі бойынша базалық 12% мөлшерлемені екі рет көтеріп, ол жақында ғана 16% болды.

Нарыққа бағдар берілді: егер банктер ақшаны осындай мөлшерлемемен алатын болса, онда шынайы сектор оны 20%-бен және одан да жоғары алатын болады. Сатып алушылық сұранымның сығылуы жағдайында мұндай пайызға кім кредит алады? Бұл мүмкін емес. Бұл банктердің шынайы секторды кредиттеуінің едәуір төмендеуіне әкеледі, демек, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне, банктердің кредиттік қоржындары сапасының нашарлауына, фирмалар арасындағы қарыздардың өсуіне, кәсіпорындардың тоқтап қалуына және банкрот болуына алып келеді. Осының барлығының қорытындысы жұмысбастылық түйткілі болмақшы.

Бүгін «Атамекен» пікірталас клубы мүшелерінің өтінішін көрдім. Бағамдық және ақша-кредит саясатын ашық та кәсіби түрде талқылаудың маңыздылығын түсіне отырып, білікті сарапшылар қатысуымен пікірталас өткізу ұсынысын құптаймын және үндеу жолданған адресаттарды осы ұсынысты қабылдап, сұхбатты бастауға шақырамын.

Жақында ғана Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов: «Халыққа доллар бағамына қараудың қажеті қанша?», - деп мәлімдеген болатын. Бірақ бизнес үшін – бұл қызметін жоспарлаумен байланысты қажеттілік.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер