«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді бірге қолдайық!

2015 жылғы 08 Қазан
- Павлодар облысы
31860 просмотров

Павлодар облысы КП және «Іскер Медиа» баспасы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасасты

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Серік Байсейітов және «Іскер Медиа» компаниясының баспагері Олег Хе отандық бизнесті дамыту, кәсіпкерлер үшін ақпараттық ресурстардың қолжетімділігін көтеру ісінде ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі әрекеттестік мәселелерін талқылады.

Серік Байсейітов отандық бизнес-ортаның қалыптасуындағы, іскер климат құрылуындағы БАҚ-тың маңызды ролін атады. Ол сонымен бірге «Іскер Медиа» баспасының да өңірлік бизнесті тартуға, шоғырланған кәсіпкерлік қоғамдастықты қалыптастыру процесіне өз үлесін қосып жатқанын айтып өтті.

«Палата сарапшылары үшін бұл ынтымақтастықта кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жер қатынастары, қала құрылысы саласындағы әкімшілік кедергілерді төмендету, мемлекеттік бизнесті қолдау бағдарламаларын ашып көрсету тақырыптары біршама қызықты», - деді Серік Басарұлы.

«Іскер Медиа» компаниясының баспагері Олег Хенің пікірінше, баспа мен Кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы арасындағы меморандум іскер қоғамдастық ішіндегі білімді ұсынуды жақсартуға арналған.

«Бізге тиесілі БАҚ - "Бизнес&Власть" газетінде, "Реальный бизнес Казахстана" журналында және and.kz сайтында үнемі өңір экономикасы, жергілікті мүмкіндіктер мәселелерін көтеріп, үздік тәжірибе жайлы жазатын боламыз. Сапалы іскерлік журналистиканың Павлодар облысы бизнесінің игілігіне жұмыс жасарына сенімдімін", - деп баса көрсетті Олег Хе.

Қол қойылған меморандумға сәйкес, Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мен мүшелері «Реальный Бизнес Казахстана» журналының «Регионы» айдарын даярлауға ат салысатын болады. «Бизнес&Власть» газетіндегі «Қазақстанда жасалған» айдары үшін материалдарды даярлау жөніндегі ынтымақтастық отандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталады. Сарапшылардың ойынша, «Өңірлердегі жастар бизнесі» («Молодежный бизнес в регионах») жобасында 20-35 жастағы өңірлік кәсіпкерлер туралы, жетістік тарихы жайлы басылымдар жастар қызығушылығын оятуға тиіс.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары аталмыш ынтымақтастықтың бизнес-қоғамдастықтың шоғырлануына, кәсіпкерлікті қолдау төңірегіндегі өзекті тақырыптарды талқылау үшін жаңа мүмкіндіктер береріне сенімді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер