«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еңбек нарығының тиімділігі Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы болып қала береді

2015 жылғы 07 Қазан
16484 просмотров

2015 жылғы 30 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жыл сайын жасалатын 2015-2016 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есепті жариялады.   

Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан өз рейтингін 8 тармаққа көтеріп, 4,49 орташа балымен 42 орынды иеленді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) 2015-2016 жылдары бағаланатын елдер саны 140 құраған (былтырғы жылы - 144).

2015 жылы деректер жоқтығы себебінен рейтингіге Ангола, Барбадос, Буркина-Фасо, Ливия, Пуэрто-Рико, Суринам, Шығыс Тимор және Йемен кіргізілген жоқ.

Алайда өткен басылымда қосылмаған Бенин, Босния және Герцеговина, Эквадор және Либерия сияқты елдер үстіміздегі жылы қайта қалпына келтірілді.

ЖБИ 114 көрсеткіш бойынша есептелетіні белгілі. Оның ішінде 34 статистикалық деректерге негізделген, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының берген бағасына негізделеді. 114 көрсеткіш ішінен 12 бәсекеге қабілеттілік факторы ерекшеленеді, олар экономикалық дамудың түрлі деңгейлеріндегі дүниежүзі елдерінің бәсекеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайды.

Жайғасымның аздап төмендеуіне қарамастан, Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы еңбек нарығының тиімділігі болып қала береді - 18 орын (2014 жылы - 15).

Сонымен бірге, макроэкономикалық ортаның жақсаруы байқалады - 25 орын (2014 жылы - 27).

ДЭФ бағалауына сәйкес, Қазақстанның бәсеге қабілеттілігі институттар – 50 орын (2014 - 57), инфрақұрылым – 58 (2014 - 62), жоғары білім беру және кәсіптік даярлық – 60 (2014 - 62), тауарлар нарығының тиімділігі – 49 (2014 - 54), технологиялық дайындық - 61 (2014 - 61) және нарық көлемі - 46 (2014 - 52) сияқты факторлар бойынша орташа деңгейге жайғасып отыр.

2015-2016 жж Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі жайғасымдары

 

2015-2016

(140 ел арасында)

2014-2015

(144 ел арасында)

Динамика

 

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі

42

50

▲8

 

Институттар

50

57

▲7

 

Инфрақұрылым

58

62

▲4

 

Макроэкономикалық орта

25

27

▲2

 

Денсаулық сақтау және бастауыш білім беру

93

96

▲3

 

Жоғары білім беру және кәсіптік даярлық

60

62

▲2

 

Тауарлар нарығының тиімділігі

49

54

▲5

 

Еңбек нарығының тиімділігі

18

15

▼3

 

Қаржы нарығының дамуы

91

98

▲7

 

Технологиялық дайындық

61

61

-

 

Нарық мөлшері

46

52

▲6

 

Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі

79

91

▲12

 

Инновациялар

72

85

▲13

 

Біршама күрт серпілу мына көрсеткіштер бойынша орын алған:

- халықаралық дистрибуцияны бақылау (2014 жылғы 91 орынға қарсы 60 орын);

- монополияға қарсы саясаттың тиімділігі (94-ке қарсы 68 орын), сауда баждары (мөлшерлемелер мөлшері), % (101 орынға қарсы 73 орын);

- кедендік процедуралардың ауыртпалылығы (77-ге қарсы 55 орын);

- ішкі нарықтағы жеткізушілер сапасы (108-ге қарсы 88 орын);

- ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы (99-ға қарсы 81 орын);

- әкімшілік реттеудің ауыртпалылығы (63-ке қарсы 46 орын);

- миноритарлық акционерлердің мүдделерін қорғау (63-ке қарсы 52 орын);

- ішкі нарықтағы бәсекенің интенсивтілігі (111-ге қарсы 94 орын);

- бейресми төлемдер мен паралар (80-ге қарсы 64 орын);

- мектептердегі Интернет қолжетімділік (56-ға қарсы 41 орын).

Қазақстанның ересек тұрғындар арасындағы АИТВ таралуы (1 орын), мобильдік байланыс абоненттерінің саны (7 орын), мемлекеттік профицит\дефицит (10 орын), мемлекеттік қарыз (12 орын), жұмыстан шығаруға байланысты шығындар (20 орын), шығындарды белгілеу кезіндегі икемділік (22 орын), еңбек пен өнімділік төлемі (22 орын) сияқты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштеріне жоғары баға берілді.

Қазіргі заманғы жағдайда бәсекеге қабілеттілік макроэкономикалық факторларды ғана емес, жұмыс күшінің сапасын да, оның инновацияларды іс жүзінде енгізуге қабілеттілігін де ескереді.

Білім берудің жоғары деңгейі – ұлттық экономиканың маңызды қозғалтқышы. Ол (басқа факторлармен бірге) отандық экономиканың инновациялық жолға көшу және бәсекеге қабілеттілігін көтеру процесінде кеңінен қолданылуға тиіс.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі өсуінің біршама маңызды факторлары жалпы ішкі өнімдегі және жаңа жұмыс орындарын құрудағы жеке меншік сектор үлесінің өсуі және инновацияларды енгізу, нарықтағы бәсекелестікті қолдауға бағытталған саясатты дайындау, институционалдық жүйені жетілдіру, еңбек өнімділігінің өсуі, тікелей шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту, ішкі және сыртқы нарықты кеңейту болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер