«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ғани Қасымов өз кітабы жайлы: «Бұл басымыздан өткенді ой елегінен өткізу»

2015 жылғы 07 Қазан
11340 просмотров

«Менің өмірім журналистер көзімен» («Моя жизнь глазами журналистов») танымал саясаткер, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес басшысы Ғани Қасымовтың алғашқы кітабы осылай деп аталады.

Бүгін Астанада саясаткер еңбегінің тұсауы кесілді. Жұртшылық назарына сонымен бірге Ғани Есенгелдіұлы туралы «Менің өмірім жақындарым мен достарымның көзімен» («Моя жизнь глазами близких и друзей») атты деректі фильм ұсынылды. 9 қазанда тұсаукесер Алматыда өтеді.

Ғани Қасымовтың айтуынша, кітап отандық БАҚ материалдарынан тұрады: саясаткермен арада болған сұхбаттар, түсініктемелері жазылған мақалалар.  

«Мұнда қазіргі заман тарихының жаңа беттері ашылады: КСРО халықтарының бауырлас отбасында болған кез, Кеңес Одағының құлауы және Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі дербес жолы, яғни 70, 80, 90 жылдар. Бұл қоғамның кішкене ғана бір бөлігі болып табылатын адамның, яғни менің тағдырымның хронологиясы. Онда менің авторлық жұмыстарым жоқ. Бәрі де барлығымыз бастан кешірген оқиғалардың драматизмі арқылы, сіздермен бірге өткерген оқиғалар арқылы берілген», - деп атады ол.

«Бұл кітапта өзімнің көргендерім, қатысқан, бастан-аяқ куә болған дүниелер баяндалған, және де осының бәрі құжаттамалық фотомен бекітіліп отырады. (...) Біздің буын, менің тұрғыластарым өмірінің жартысын Кеңес Одағында өткізді. Біз екі дәуірдің куәсіміз: социализм мен нарықтық қатынастар дәуірінің. Бұл бастан кешіргендерімізді ой елегінен өткізіп, талдауға талпыныс», - деп жалғады сөзін кітаптың авторы.

Тұсаукесерді жүргізіп отырған Азаматтық альянс басшысы Нұрлан Ерімбетов кітапта өте кең көлемдегі мәселелер қозғалғанын атап өтті. «Барлық осы сұхбаттарда, Ғани Есенгелдіұлының әңгімелерінде лауазымы немесе кәсібі жайлы ғана айтылмай, онда нарық жайлы да, кеден жайлы да, ішкі адамгершілік түйткілдері жайлы да, елімізге жасалған сыртқы ақпараттық ықпал жайлы да, оппозиция жайлы да сөз болғаны ұнады. Ал Парламенттегі сөздерінде айтылған кейбір ойларын қоғамға, билікке және қарапайым адамдарға берген өте қатаң, дегенмен нақты әрі дұрыс бағасы деп қараймын», - деді ол.

Нұрлан Ерімбетов Ғани Қасымовтың еңбегіне жоғары баға бере отырып, оны міндетті түрде оқып шығу керек деп мәлімдеді.

«Өзі туралы кітаптарды сыйға тартып жататындар баршылық. Парақтап шығасың: аудандық комитет хатшысымен кездескендегі фотосуреттері мен әңгімелері, ауатком төрағасының орынбасары жасаған тойда болғаны, Сочиге демалуға барғаны. Осындай ондаған кітап жиналып қалғанда жылына бір рет жеке кітапханамды тазартып тұратынмын. Бәрін қапқа жинаймын да, қоғамдық кітапханаларға, мектептерге және басқаларына табыстаймын. Ал бұл кітапты сақтап қоямын, себебі оны барлығы да оқуға тиіс», - деді ол.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер