«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Арменияға арналған овертайм

2015 жылғы 07 Қазан
8222 просмотров

2016 жылғы 2 қаңтардан бастап аталмыш ел ЕАЭО техникалық стандарттарына көшеді

Екі жылдан кейін армяндық өндірушілер тауарларын тек ЕАЭО қатысушы елдерге арналған техникалық реттемеге сәйкес шығаруға тиіс болады. Еуразиялық экономикалық комиссия баспасөз қызметі Армения үшін жаңа ережелер 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енетінін еске салды. «Бұл 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап ЕАЭО-да әрекет ететін барлық негізгі техникалық реттемелер Армения аумағында айналымда жүрген тауарлар үшін де әрекет жасай бастайтынын білдіреді», - деді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқа мүшесі (Министр) Карине Минасян.

Карине Минасян сонымен бірге кәсіпкерлердің тауарларды айналымға әлі де екі жыл ұлттық заңнамаға сәйкес шығара алатынын ескертіп кетті. «Бірақ ол үшін белгілі бір даярлық іс-шараларын жүргізу қажет», - деп түсіндірді Алқа мүшесі.

ЕЭК-те сонымен қатар алда болатын жаңалықтарға байланысты Армения бизнесмендерін қандай мәселелер толғандырып жүргені хабарланды. Олар – армян тіліндегі сәйкес құжаттардың болуы, тауарларды айналымға шығарғанға дейін сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ресімдеу режиміне көшу және басқалары. Комиссияда аталмыш тақырыптардың ЕЭК назарынан тыс қалмайтынына сендірді.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер