«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнай компаниялары кадрларды өңірден тауып алуда

2015 жылғы 06 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
10716 просмотров

Батыс-қазақстандық жоғары оқу орнының алты түлегі «Каспиан Проджер Инжиниринг энд Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қызмет ететін болады

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті студенттерінде мұндай мүмкіндік 2014 жылы «Каспиан Проджер Инжиниринг энд Консалтинг» ЖШС мен БҚАТУ арасында кадрларды даярлау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін пайда болды.

Кәсіпорын келісім жасасқаннан кейін іс-тәжірибеге 20 студентті іріктеп алды. Олардың кейбірі Италияда машықтанудан өтті, ал алтауы ақырында жұмысқа шақырту құрметіне ие болды. 

Аталмыш ақпарат Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ұйымдастырған университеттің шетелдік компаниялармен серіктестігі мәселелері жөніндегі форумда айтылды.

Жоғары оқу орнының ректоры Нұрлан Серғалиев айтып өткендей, 2014 - 2015 оқу жылында шамамен үш жүз студент машықтану мен іс-тәжірибеден өтіп, қырық студент жұмысқа тұрды.

Форумға қатысушылардың ойынша, білім беру мекемелерінің жұмыс берушілермен, соның ішінде шетелдік компаниялармен мұндай тығыз ынтымақтастығы еңбек нарығы мен білім беру қызметі нарығының әрекеттестік механизмін жетілдірумен байланысты түйткілдерді шешуге көмектеседі. Бұл бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселесін шешіп, экономиканың кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«Менің ойымша, егер әрбір жұмыс беруші өз өңірінде барлық деңгейдегі кәсіптік білім беретін оқу орындарымен іскерлік байланыстарды жөнге салып, саласына қажет мамандарды даярлауда оқу орындарына жан-жақты көмек көрсете отырып, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандарын даярлау деңгейіне қоятын талаптарын нақты жеткізе алатын болса, жағдайды жақсы жағына өзгертуге болады», - деп өз ойымен бөлісті Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айгүл Әбілқайырова.

«Университетіміздің «Каспиан Проджер Инжиниринг энд Консалтинг» компаниясымен тығыз ынтымақтастық орнатқанына қуаныштымын. Осының салдарынан студенттер курстарға қатысып, іс-тәжірибеден өте алды. Caspian Proger бас директоры мен оның тобына бізге осындай әмбебап білім алудың бірегей мүмкіндігін бергені үшін алғысымыз зор. Осы компанияның бір бөлігі болып отырғаным үшін бақыттымын», - дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ магистранты Әсел Егізова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер