«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер үстінен қозғалған іс

2015 жылғы 02 Қазан
- Ақтөбе облысы
10026 просмотров

Ақтөбелік бизнесменді алаяқтыққа айыптау дәлелсіз болып табылады

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы ірі мөлшердегі алаяқтық әрекетке күдікті «Байлы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қорғауда. Мәселе құны - 1 миллиард 489 миллион теңге

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасына «Байлы» ЖШС директоры Виталий Игонин жүгінді. Кәсіпкер Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік табыс департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын жеткізді.

Виталий Игонинның айтуынша, ЖШС мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арасында Қобда кентіне бірінші санатты жоғары қысымдағы газ құбырын тартатын құрылысты аяқтау жөнінде шарт жасалады.

«Аталмыш нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға және құрылыстың сметалық есептеуіне сәйкес жұмыс кешенін толық орындадық. Нысандарды толығымен пайдалануға тапсырдық, тапсырыс беруші барлық жұмысты еш наразылықсыз қабылдады. Экономикалық тергеу қызметі осыған қарамастан, маған қатысты алаяқтық әрекет дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеуді бастап отыр. Оған нысан құрылысы кезінде траншеяға құбыр салу бойынша жұмысты сапасыз орындаған деген ақпарат негіз болған. Сонымен бірге, департамент мамандарының ойынша, басқа ұйымдармен күдікті өзара есептесулер бар екен», - деп «Байлы» ЖШС директоры істің жөнін түсіндірді.

Барлық құжаттарды зерттеп шыққан ӨКП сарапшысы Руслан Күйшінов құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық және жобалау құжаттамасына сәйкес жасалғанына көзін жеткізді. Оған жұмыс комиссиясының салынған нысанның дайындығы туралы қорытындысы, аяқталған құрылыс нысанын қабылдау актісі мен мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған нысанды пайдалануға қабылдау туралы актісі куә болды.

Бір қызығы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы да, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АФ да «Байлы» ЖШС-ға қатысты қылмыстық тергеу органдарына жүгінбеген.

«Біздің ойымызша, нысан құрылысы кезінде траншеяға құбырларды салу бойынша жүмыстың жосықсыз әрі сапасыз орындалу дерегі жөніндегі ақпарат негізсіз болып табылады. Нысан пайдалануға бір жылдан астам уақыт бұрын тапсырылған және дұрыс жұмыс жасап тұр. Оған «Қазтрансгазаймақ» АҚ АФ пайдаланушы ұйымы тарапынан шағымның болмауы куә. Күдік тудырған өзара есептесуге келер болсақ, ЖШС барлық қажет құжаттарды ұсынды: құрылыс материалдары, тауарларды және т.б. сатып алынуын көрсететін сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар, чектер және т.б. Қаулыға сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 1 489 000 000 сомасы көрсетілгені қызық, себебі іс жүзінде құырылысқа ҚҚС есептегенде 948 644 267 теңге бөлінген болатын», - деп атады Руслан Күйшінов.

Палата Экономикалық тергеу қызметіне жүгінді, алайда бұл іспен айналысушы тергеушілер ӨКП қылмыстық процеске қатысушы болып табылмайтынын желеуретіп, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Осыған байланысты іс материалдары мен қажет құжаттар ҚР ҰКП Құқықтық қорғау жөніндегі департаментіне жолданды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер