«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылдарда бизнес-курстарға деген сұраныс артып келеді

2015 жылғы 02 Қазан
- Жамбыл облысы
11711 просмотров

Жамбыл облысы аудандарының 600-ден астам тұрғыны жыл басынан бері «Бизнес-кеңесші» курсында оқып шықты

Облыс орталығы Тараз қаласының тыңдаушылары 200-ге жуықтап отыр. Бизнес саласындағы білімдерін көтеруге жасалған ауылдықтардың сұранысы жемісін беруде. Мәселен, Шу ауданы Төле би ауылының тұрғыны курсты аяқтаған соң жеке ісін ашуға шешім қабылдады.

Нұржан Тұмабаев Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Шу қаласындағы филиалы жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінді. Ол «Бизнес-кеңесші» курсын аяқтап, кәсіпкер болуға бел буыпты.

«Біз сұхбат барысында оның бастапқы капиталының қандай мөлшерде екенінен хабардар болдық. Нұржан ШҚ мүшесі болып шықты және ірі қара өсіруше арналған мал жемдейтін базасы бар екен», -деді Шу қаласындағы КҚО консультанты Дәрмен Әбдраманов.

Кәсіпкер «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтінім береді деп шешілді, себебі төмен пайызбен 3 миллион теңгеге дейін кредит алу мүмкіндігі бар.

«Біз оған барлық қажет құжаттарды жинауға көмектестік, барлық инстанцияларға баруда сүймел көрсеттік, нәтижесінде құжаттар пакеті қысқа мерзімде толығымен дайын болды. Нұржан Тұмабаев уәкілетті органда бағдарлама қатысушысы ретінде тіркелді», - деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Шу қаласындағы филиалының директоры Асқар Қомаев.

Бүгінде кәсіпкер жеңілдікті өтеу мерзімімен жылдық 6 пайызбен 3 миллион теңгенің бөлінгені туралы қуана хабарлады. Қазір ол 10 бас ірі қара мал сатып алып, шаруашылығында еңбек етіп жүр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер